Павлодарлық өрт сөндірушілер төрт газ баллонын дер кезінде оттан алып шықты. Өрт «Яблонька» бау-бақша серіктестігі аумағында тұтанған.
Қараусыз қалған саяжай учаскесінде құрғақ шөп жанған. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жалын жақын маңдағы ағаш қалқаларға да таралып үлгерген. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан төрт газ баллонын дер кезінде шығарып үлгерді: оның екеуі 50 литрлік, ал екеуі 27 литрлік. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.