Спорт- денсаулық кепілі екені анық. Ел Президентінің тапсырмасында салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың санын арттыру жайында қадап айтты. Сондай-ақ әлем деңгейінде елімізді жоғары асқақтатып жүрген спортшыларымызда қаншама. Бүгін өңірдің үздік спортшылары мәдениет және спорт министрлігі, комитет және басқарма басшылығы атынан марапатталды.

Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп дегендей, өңір спортшылары бір жыл бойы жеткен жетістіктерін қорытындылап, үздіктері марапатталды. Жалпы, биыл спорт саласында оң жаңалықтар көп болды. Облыс орталығында Спорттық акробатика бойынша Азия чемпионаты өтті. Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты және үстел теннисі мен шаңғы жарысы өтті. Қазір өңірде 282 мың адам тұрақты түрде спортпен щұғалданады.

Дәуір Ерғабылов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Алдағы 2023 жыл ерекше. Биыл Қытайда Жазғы Азия ойындары өтеді. Біздің олимпиада ойындарының қатысушылары 2024 жылы Парижде өтетін 33-ші Олимпиада ойындарына лицензия алуға таласады. Біздің спортшыларға сәттілік тілеймін. Жалпы, Дарынды спортшыларды анықтау үшін бұқаралық және балалар спортын дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Қала, аудан мен ауылдарда 121 спорт нысандары бой көтерді. Аймақ спортшылары халықаралық дәрежеде өткен додаларға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Сабыржан Жақыпов, елімізге еңбегі сіңген спортшы. Бірнеше атақты кикбоксерді тәрбиелеген бапкер.

Сабыржан Жақыпов, кикбоксингтен жаттықтырушы:

Бұрынғымен салыстырғанда қазір кішкене мысалы 80 пайыз балалар толық келеді. Отырып қалған. Қимылдамайды. Гаджет соын қарап отырады. Сондықтан жас бапкерлерге қиындақ туғызады.28 жастағы Шара Хамзина Сабыржан Жақыповтың шәкірті. Ол осы жылы биік асуларды бағындырып, ел намысын қорғап, бірнеше жүлделі орын алды.

Шара Хамзина, азия чемпионы:

Астана қаласында Қазақстан чемпионаты өтті. Сонда мен бірінші орын алдым. Осы жарыста бірінші орын алып ұлттық құарамаға кірдім. Одан кейін Мамыр айында Турцияның Стамбул қаласында кикбоксингтен әлем кубогы өтті Аллаға шүкір бірінші орынға ие болдым. Одан кейін тамыз айында Ислам ойындары болды. Осы жарыста мен 3 орынға ие болдым.

Сондай-ақ Шара жақында ғана Тайландтан оралды. Ол желтоқсанның 10 мен 18 күндері аралығында Бангкокта өткен Азия чемпионатына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ бұл күні Олимпиада, ұлттық спорт түрлері, параолимпиада ойындарының жеңімпаздары марапатқа ие болды.

Әйгерім Тоқпанқызы