Павлодарлықтар 31-мамыр күні аштық және саяси-қуғын сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Азапты жылдары аяусыз құрбан болған жандардың рухын бір үнсіздікпен еске алды.

Жыл сайын жұртшылық 31-мамыр күні өткен ғасырдың алапат аштығы мен саяси сүргінінде жазықсыз кеткен арыстар мен боздақтарды еске алу үшін осынау ескерткішке жиналады.

Амантай Құдабаев, философия ғылымдарының докторы, профессор

Қазақ халқының басынан небір нәубет өткенін білесіз. Бірақ, сонда да біздің халық өзінің ерекшегілін, бірегейлігін сақтап қалды. Қазақта мақал бар «Өлі разы болмай, тіріз баймыайды» деген. Біз сол қағиданы ұстанамыз. Біз тарихымызды ұмытқан жоқпыз. Сол нәубеттердің ішінде, небір сорақы нәубеттер болды.

Өткен ғасыр жайлы мұңлы тебіреніс, ашшы өкісікке толы есткеліктер көп. Бүгінгі ұрпақ сол бір зұлмат енді болмасын деген ғана тілекте.

Рымтай Шөкеев, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Біздің келешегіміз бар. Ұрпағымыз бар. Былай айтқанда бұл жағдай елдің басына, халықтың басына келмесін деп айтам. Біздің балаларымыз бақытты болсын! «Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын» деп айтқым келеді.

Сол бір зұлмат кезең жайлы талай жан түршігерлік деректер айтылса да, құрбандар ақталса да, ақиқатын ешкімде түгел айтып бітпегені сөзсіз.

Жанасыл Серікбол