Бүгін Павлодар өңіріндегі Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінде дәстүрлі жылдық техникалық байқау өткізілуде. Бұл іс-шара бөлімнің жауынгерлік дайындық деңгейін анықтап, техникалық құрал-жабдықтардың жарамдылығын тексеруге бағытталған.

Таң сәріден сарбаздар мен офицерлер қару-жарақ пен техниканы сапқа қойып, әрбір құрылғы мен мүлікті тиянақты түрде дайындап, тексеруге әзірледі. Барлық көлік пен жабдықтар тазаланып, бір жүйеге келтірілді. Тексеріс жұмыстарына арнайы комиссия мүшелері шақырылды. Олар әскери бөлімнің қару-жарағы, техникасы, байланыс құралдары мен химиялық-биологиялық қорғаныс мүліктерінің жай-күйін жан-жақты сарапқа салады.

Мейрам Мерекенов, 5512 әскери бөлімі командирінің қару және техника жөніндегі орынбасары

Бүгін біздің әскери бөлім аумағында жылдық техникалық байқау өтіп жатыр.Бұл жылдық техниканы Шығыс өңірлік қолбасшылығынан комиссия келіп тексеріп жатыр.Комиссия төреағасы қолбасшының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Габдуллин тексереді өзінің комиссиясымен. Жылдық техникалық байқауда біздің бөлімде 50ге жуық техникамыз бар сонын жай күйін тексереді. Қара жарақ және жауынгерлік даярлығымызды тексереді.

Комиссия тек техникалық жарақтарды ғана емес, сарбаздардың тактикалық дайындық деңгейін, байланыс құралдарын пайдалану шеберлігін де бағалайды. Сонымен қатар, әскери бөлімге бөлінген жеке қорғаныс құралдары мен арнайы жабдықтардың сақталу жағдайы да назардан тыс қалмайды.

Асылбек Абаев, 1 жедел мақсаттағы батальон командирінің орынбасары-штаб бастығы

Шығыс өңірлік қолбасшылықтан тағайындалған комиссияға келесі мүліктерді көрсетеміз. Ол тағайындалған комиссия біздің әскери бөлімге берілген және бөліністерге бөлінген радиобайланыс құралдары сонымен жеке брондық қорғаныс құралдарымен және қалқанды шиттер сфера калпак. Және де осы инженерлік құралдарды олардың тағайындалуы жаппай көтерілістер болған кезде осы құралдар бізге аса маңызды рөлі бар. Жаппай көтеріліс кезінде біз олармен қолданамыз.

Жауынгерлер мен офицерлер бұл байқауға үлкен жауапкершілікпен қарап, техниканы сапалы дайындап шықты. Олардың басты мақсаты – комиссиядан өте жақсы баға алып, әскери бөлімнің жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеу.

Дильназ Куанышбекқызы