Орталық қалалық кітапханада жергілікті ақын, филолог және қоғам қайраткері Константин Луниннің «Қазақ даласының қаһрамандары» атты кітабының тұсауы кесілді. Бұл шығарма Отан соғысы жылдарындағы қазақ сарбаздарының ерлігіне арналған. Туындының 500 данасы қазақ тіліне аударылған.
Павлодар облысы әкімдігі мен мәдениет басқармасының қолдауымен жарық көрген бұл кітап — Отанын қорғаған қаһармандардың есімдерін мәңгі есте қалдыратын әдеби мұра. Кітаптың 500 данасы қазақ тілінде 500-і орыс тілінде Қарағанды қаласында басылып шыққан.
Мейрам Нұғман, Павлодар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі
Бұл біздің балаларға тәрбиелік мәні бар тарихи оқиға екен. Бұл былай қалмасын деп мене бұл кісіге уәде бердім, содан бері 3 жыл өтіпті.Осы жолы сәті түсіп отыр кітапты басып шығаруға.Орыс тілінде жазылғанымен қазақ тілінде де аударма жасалды.
Туындыны қазақ тіліне журналист Айбек Оралқан аударған. Онда Кеңес Одағының Батыры атағына лайық деп танылған алғашқы қазақ қызы Маншүк Мәметова жайлы баллада да бар .
Константин Лунин, «Қазақ даласының қаһармандары» кітабының авторы:
Бұл кітап екі тілде жарық көрді. Ол жастарға да, аға буын өкілдеріне де қызықты әрі танымды болады. Кітапта 106-ші қазақ ұлттық атты әскер дивизиясы туралы поэма бар. Рейхстагқа тігілген Қызыл ту, сондай-ақ жерлестеріміз жайлы, және ең алдымен Рахымжан Қошқарбаев туралы баяндалады.
Автордың айтуынша, поэмалардағы оқиғалар архивтік құжаттар, қатысушылар мен олардың туыстарының, құрдастарының естеліктеріне сүйенеді. Дегенмен, Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігіне авторлық көзқарасты білдіретін лирикалық шегіністер де кездеседі.
Дильназ Қуанышбекқызы