Ақсу қаласындағы Балалар шығармашылық үйінде де «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті. Шара барысында қала тұрғындарына тегін заң көмегі көрсетіліп, мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарды жеке қабылдады. Толығырақ әріптесім тарқатсын.
"Халық заңгері" ауқымды республикалық акциясы еліміздің барлық қалалары мен елді мекендерінде бір уақытта өтті. Жетекші адвокаттар мен заңгерлер, мемлекеттік органдардың басшылары қала тұрғынына тегін заңгерлік кеңес берді.
Қалада өткен «Ашық есік» күні аясында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар маңызды мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды. Тұрғын үй салу, алимент төлеу, инфрақұрылымды дамыту, білім беру және жұмысқа орналасу сынды өмірлік маңызы бар сауалдар бойынша азаматтар көмегін іздеді. Мәселен, Қатысушылардың бірі – Әсемгүл Елемесова жер телімін алу тәртібіне қатысты бірнеше сауалын жолдағанын айтып, шара барысында нақты әрі мардымды жауап алғанын жеткізді.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, көп жағдайда тұрғындар заң талаптарын толық білмегендіктен, өз құқықтарын пайдалана алмай жатады. Сондықтан мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауатын арттыруда үлкен маңызға ие.
Байтұрсын Жұмабай