Шаһарымыздағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Халық заңгері» жалпы республикалық ауқымды акциясы өтті. Акция мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Толығырақ тілші әңгімесінде.

 «Халық заңгері» жалпыреспубликалық ауқымды акциясы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Павлодар облысының Әділет департаменті нотариустары, адвокаттары заң кеңесшілері және жеке сот орындаушыларының қатысуымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті.

Шараның неізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Акция барысында азаматтарға кәсіби заңгерлік кеңес, қызықтырған мәселелер бойынша ұсыныстар мен жауаптар берілді.

Данияр Байдильдин, Павлодар облысы әділет департаменті басшысының орынбасары

Алимент өндіру мәселесі болсын, еңбекақы болсын, сот шешімін орындау сұрақтары бойынша өте көп мәселелермен келеді адамдар. Енді статистикалық мәлімет жалпылама еліміз бойынша айтатын болсам 10мыңға жуық мамандар халық заңгері акциясына қатысып көмек көрсетіп отыр. 300мың азаматқа көмек көрсетілген.

Айта кетейік, іс-шара ҚР Үкіметінің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылды.

Салтанат Бауыржанқызы