Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде жазғы лагерь ашылды. Онда мектеп оқушылар екі маусым бойы әр түрлі үйірмелерге қатысып, демалыс уақытын көңілді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік алмақ.
Көңілді флэшмом, жарқын үндер, жайдары көңіл-күй. Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылар жазғы лагерьдің ашылуын осындай көңіл-күймен қарсы алды. Жыл сайынғы дәстүрлі лагерьдің биыл өз ерекшелігі болады.
Оразбек Бақытхан, М. Әлімбаев атындағы ЖОББ мектебі басшысының орынбасары
Жыл сайын дәстүрлі түрде мектепішілік жаздық лагерь ұйымдастырылады. Биыл да мінеки бастап жатырмыз. 300 ден астам оқушыны қамтиды. Биылғы жылдың ерекшелігі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында киіз үй лагертін ашып жатырмыз. Осында ұйықтайтын балалар саны 60 қа жуық. Аз қамтылған олтбасыларға тегін қарастырылған.
Мнктеп оқушылары оқу жылының осынау кезеңін асыға күтеді. Мұнда оқушылар тек, демалып қана қоймай әр түрлі танымдық шараларға, түрлі үйірмелерге қатысуға әрқайым асық.
Лагерь аясында оқушылар ұлттық тәрбие алып, қазақ мәдениетімен терең сусындауға мүмкіндік алады.
Жанасыл Серікбол