Өңірде скарлатина ауруына шалдыққан балалар саны күрт өсті. Өткен жылы 278 жағдай тіркелген. Дәрігерлер жұқпалы дерт ауа арқылы таралатынын айтады.
Скарлатина инфекциясы көбінесе жөтел арқылы, науқас адаммен байланыста болу және ауа арқылы таралады. Ауру жұқтырған адамда күрт дене қызуы көтеріледі.
Зере Садақова, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары:
Скарлатина ол жедел инфекция ауруы болып есептеледі. Оның негізгі қоздырғышы стрептокок болады. Аурудан ауруға беріледі. Сондықтан да оны көбінесе балалар 2 жастан 8 жасқа дейін ауырады. Яғни балабақшада болған кезде , мектепте. Өзара қарым қатынас болған кезде. Ол ауа тамшы арқылы берілетін инфекциялық ауру. Сондықтанда көбінесе балалар ауырады.
Негізінен скарлатина жеңіл, орташа және ауыр түрде өтеді. Өткен жылы инфекциялық стационарда 55 бала емделген. Бұл вирустың ерекше белгілерінің бірі- ауыз бен мұрын қуысы бозғылт болып, беті қызарады. Одан бір екі күннен кейін денесінде бөртпе пайда болады. Қолдарының терісі түседі. Сондай-ақ дәрігерлер науқастың тілі таңқурай түсті болатынын айтады.
Зере Садақова, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары:
Статистикаға сүйенетін болсақ 2021 жылы 39 балада тіркелген ал 2022 жылы 278 балада. Барлық ауыратын балалардың жасы 14 жасқа дейін. Енді негізгі клиникасына келетін болсақ, ол жалпы инто-ция симпомынан құралады. Дене қызуының көтерілуі, тәбетінің төмендеуі бала мазасызданады. Одан кейін тонзилит түрінде және, осы скарлатинаға тән бөртпелер пайда болады.
Бұл жұқпалы инфекцияға шалдыққан емделуші міндетті түрде 14 күннен 21 күнге дейін карантин режимінде отыруы керек. Дер кезінде ем-дом шаралары жасалмаса алдағы уақытта баланың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ қазір өңірде жұқпалы вирустық инфекция өршіп тұр дейді мамандар. Бүгінде стационарда 191 бала ем қабылдап жатыр.
Зере Садақова, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары:
Қазіргі кезде ОРВИ Грипп, өршіп жатыр ғой. Өйткені эпидемия болып жатыр. Қазір айта кететін бір жайт бар, балалар ауыр түрде өткізіп жатыр осы ауруды. Балалар пневмония, полисегменталды пневмониямен жатқызылады. Сатурациясы төмендейді. Бірінші екінші күн ауратын балалар, өте қатты, температуралары 39 ға дейін көтеріпі, төмендемйді. Енді біз анализдер алған кезде. Оларда ковидке иммуноглобулиндері бар екені анықталды. Яғни, иммунитеттері төмен.
Ақ халатылар иммунитетті көтеру үшін сақтық шараларын сақтануды сұрайды. Таза ауада серуендеп, дәрумендер ішіп, жеке гигиена ережелерін жүргізген жөн.
Әйгерім Тоқпанқызы