Белсенді өмір сүру орталығының «Палитра» арт-терапия студиясы қатысушыларының көрмесі ашылды. Онда он бес автордың 50-ге жуық туындылары көрермен назарына ұсынылды. Туындылар әйгілі және қатысушылардың авторлық ертегілері негізінде жасалған.

«Айна» галереясында студия қатысушыларының «Біздің ертегі әлемі» көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Бұл өнер «күміс ұрпақты» шығармашылық өмір салтына баулуға, олардың көңіл-күйі мен өмірлік әлеуетін жақсартуға бағытталған.

Александр Колодин, «Палитра» арт-терапия студиясының жетекшісі:

Мен оларды сурет салуға үйретпеймін. Себебі олар өздері-ақ біледі. Жазу сурет салғаннан да қиын. Бұл кісілер жаза алады, демек сурет салу да қолдарынан келеді. Мен оларда әрбір жанның бойында бар баланы оятқым келеді. Олардың барлығы дарынды. Осы көрмені ертегілерге арнадық. Бұл айырықша ертегілер. Себебі, қатысушылар өздері жазады.

«Палитра» арт-терапия студиясы өткен жылдың қаңтар айында жұмысын бастады. Бүгінде студияда 32 қатысушы бар. Олардың көпшілігі қаламсапты бұрын-сонды ұстап көрмеген жандар. Ал бүгінде бұл олардың сүйікті хоббиіне айналды. Тіпті ертегілер жазып қоймай, сол ертегілер желісін суреттерде бейнелейді.

Татьяна Беспалова, қатысушы:

Мен сурет салуға бұрыннан қызығушылық танытатынмын. Алайда қаламсаппен қолдану түгілі, дұрыс ұстай алмайтынмын. Мұнда наурыз айында келдім. Қзаір көрмелерде жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Маған барлығы ұнайды.

Шара аясында қатысушылар марапатталып, олар көрме қонақтарына ән-шашу арнады. Айта кету керк, «Айна» галереясындағы «Біздің ертегі әлемі» көрмесін 6-26 қаңтары аралығында тамашалауға болады.

Ақмаржан Қалымбек