Павлодар қаласындағы «Достық» саябағында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы және «Жасыл апта – 2025» экологиялық апталығы аясында тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл игі істің барысын тілшіміз тарқатсын.

Шараны Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі, «Таза бұлақ» жастар қоғамдық бірлестігі, Экология және туризм орталығының педагогтары мен тәрбиеленушілері бірлесіп ұйымдастырды. Қоғамдық акцияға қала мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері белсене қатысты.

Марлен Михайлова, экология және туризм бойынша балалар-мемлекеттік орталығының оқушысы

Бүгін біз «Таза бұлақ» жастары саябақты қоқыстан тазаладық, күзде отырғызған өсімдіктерді қайта қарап бақылап ауланы түскен жапырақтардан тазарттық.

Асанәлі Сатабаев, №34 ЖОББМ 9 сынып оқушысы

Біз «таза Қазақстан» акциясы аясында сыныбымызбен сабақтан кейін келіп саябақты жинай бастадық. Біз өзімізбен бірге құралдарымызды ала келдік. Біз қоқыстарды жинастырып жатырмыз, себебі біз таза саябақты көргіміз келеді. Таза ПавлодардА таза жерде жүргізіміз келеді. Өйткені бұл біздің денсаулығымызға әсер етеді. Таза паркты көру де жағымды.

Айта кету керек, биылғы күзде саябақ аумағына 200-ге жуық ағаш-бұта тұқымдас көшет отырғызылған болатын. Олардың қатарында сібір балқарағайы, Амур мақпал ағашы, ақжеміс және қанды қызыл долана секілді өсімдіктер бар.

Мәди Әйтімов, балалар жасөспірімдер экология және туризм орталығының қосышма білім беру педагогы

Бүгін міне «Таза бұлақ» жастар бірлестігі және балалар жастар экология туризм орталығы Павлодар қаласы педагогикалық колледж студенттерімен бірлесе отырып Достық саябағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп отыр.Бүгінгі шараға оқушыларымыз қатысып отыр. 2024 жылы өзіміздің еккен өсімдіктерімізді түгендеп жатырмыз.

Шара аясында жас көшеттерге түгендеу жұмысы жүргізіліп, олардың өсу жағдайы мен жерсіну сапасы тексерілді. Ұйымдастырушылар болашақта осындай қосымша отырғызу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.