Павлодарда батуттағы гимнастикадан Қазақстан Республикасының жекелей-командалық чемпионаты өтті. Спортшылар тұғырдың ең биік сатысына шығу үшін барын салды.

Тартысты бәсекеде спортшылар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетуде. Тамаша техниканың арқасында күрделі элементтерді орындауда. Қатысушылар командалық есепте, синхронды суға секіруден медальдар үшін тартысты. Сондай-ақ, алғаш аралас секіруден де медальдарды да сарапқа салды.

Олег Белюсенко, батуттағы гимнастикадан Павлодар облысының аға жаттықтырушысы

Жекелей секіру сайысында әр спортшы өзінің жеке бағдарламасын орындайды. Синхронды секіруде екі спортшы екі батутта жаттығу жасайды. Олардың барлық элементтерді синхронды түрде болуы керек. Ал, ер пен әйел бірігіп жаттығуларды синхронды түрде орындайтын түрі аралас секіру.

Ұлдар мен қыздар арасында жекелей сында, сондай-ақ шағын тұғырдан секіру бойынша жеңімпаздар алғашықы болып анықталды. Облысымыздың құрамасы батут гимнастикасы бойынша тағы да жоғары шеберлік танытып, жүлделер қорын бірнеше медальмен толықтырды.

Виктория Бутолина, батуттағы гинастикадан жекелей секіру бойынша Қазақстан чемпионы

Бұл Қазақстан чемпионатында бірінші рет жеңіске жетуім емес. Сайыста бірінші біліктіліктегі жаңа жаттығуды қолданып көрдім, ол ойлағанымдай сәтті болды дей алмаймы. Содан финалда жоғары сапада жеңіл жаттығу жасадым.

Бұл жарыс рейтингтік мәртебеге ие. Үздік спортшылар өз өнерлері үшін тиесілі ұпайларды иеленеді. Ел кубогы күзде өтіп, екі турнирдің қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады.

Жанасыл Серікбол