Жеңістің 80 жылдығына орай Павлодар ауданының Богдановка ауылында даңқ алаңы жаңартылды. Алаңның аумағы асфальтталып, ескерткіштің плиталары ауыстырылды. Мереке қарсаңындағы игі іс жайлы келесі сюжетте.

Луганск ауылдық округіне қарасты Богдановка ауылында 300-ге жуық адам тұрады. Олардың жайлы өмір сүруі үшін жергілікті кәсіпкерлер, демеушілер әр уақытта көмек қолын ұсынып, жағдай жасап отыр. Солардың бірі кәсіпкер Петр Кузьменко.

Петр Кузьменко, «Луганс» өндірістік кооперативінің төрағасы

Биыл басқарма шешімімен даңқ ескерткішіне реставрациялау жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді. Бұл Жеңістің 80 жылдығына орай тұрғындарға үлкен сыйлық деп ойлаймын. Алдымен аумақты қоқыстан тазарттық. Алаңның аумағына асфальт төселді. Ескерткішті әктеп, жан жағындағы плиталарды жаңарттық. Гүл қоюға екі ваза қойдық.

10 жылға жылға жуық уақыт ішінде «Луганск» өндірістік кооперативі жерлестерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін барын салуда. Балалар, спорт алаңдарын салып, жолдарға асфальт төсеп, жарықтандыру жұмыстарын жүргізді.

Самал Қалиқызы