Павлодарда еңбек әулеттерінің облыстық форумы өтті. Оған ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан кәсіпті игеріп, қоғамға еңбек етіп келе жатқан әулетттердің өкілдері қатысты.
Бұнда жиналған әулет өкілдерінің әрқайсысы жұмысшы мамандығында еңбек етіп келе жатқан үшінші буын. Игі дәстүрді үзбей, еңбектің наны тәтті екендігін көпшілікке көрсетіп келе жатқан жандар. Қоғамда, ортамызда осындай қайратты жандардан құралған әулеттердің бар екендігін және бұл қасиет ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқандығын көрсету үшін осынау облыстық форум ұйымдастырылды.
Форум аясында отбасылар марапатталып, алғысқа бөленді. Әкеден балаға жалғасып келе жатқан еңбек жолы үшін. Бұл жол – ел берекесі мен болашағаның жолы екені даусыз.
«Адамды адам еткен еңбек тәмсілінің құны қазіргі уақытта қайтадан артты деуге болады. Өйткені, «ауырдың асты, жеңілдің үстімен» жүріп күн көретін уақыт өтіп барады. Әлемнің еңбек нарқы мидай араласып бәсекеге түсіп жатқан заманда бойында қай жұмысты болса да істейтін қайратыты жандардың бәсі әркез жоғары.
Жанасыл Серікбол