Ақсу қаласында алғаш рет қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, дарынды ақын, терең ойлы публицист, әрі қоғам қайраткері Нұтфолла Шәкеновтің оқулары өтті.Оған 30-тан астам оқушы қатысты. Жас ұрпақтың ақын өлеңдеріне деген қызығушылығы қандай? Алдағы сюжеттен көрейік.
Нұтфолла Шәкеновтің шығармашылық мұрасы – ұлт руханиятының баға жетпес байлығы. Ақиық ақынның өнегелі өмірі мен көркем мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында биыл алғаш рет қалалық Нұтфолла Шәкенов оқулары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әдеби шара жас дарындардың ақын жырларына деген шынайы қызығушылығы мен тебірене оқу шеберлігі көрермендерді бейжай қалдырмады.
Медығат Манапов, Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Нұтфолла Шәкенов Ақсу өңірінің тумасы. Сондықтан шығармашылығын алып отырмыз. Осы жолғы бағытымыз Н.Шәкеновтің әндерінен бөлек, поэзиясына бер бұрк. Неге десеңіздер, сан тақырыпты қозғаған. Соның ішінде, әсіресе, махаббат, туған жер, анаға сағыныш , одан бөлек мына Қарағанды, Екібастұз жұмысшыларына арнаған өлеңдері, соны жаттап келіп жатыр оқушылар.
Оқушылардың орындауында ақынның отансүйгіштік, табиғатқа махаббат, адамгершілік пен ізгілікке үндейтін өлеңдері ерекше әсермен қабылданды. Бұл олардың ақын мұрасына тек қызығып қана қоймай, оны ғылыми тұрғыда зерделеуге ұмтылғанын көрсетті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Нұрбол Берікбол, Жамбыл орта мектебінің 10-сынып оқушысы
Бұл өлеңдер басқа өлеңдерге ұқсамайды. Күрделі, өзінің бірі керемет толғаулары бар. Бұған екі апта дайындалдым. Ұстазым жіберді осындай сайыс болады деп. Қалмай, әр күн сайын толғана, сезіне өлеңдерді жаттадым.
Қалалық Нұтфолла Шәкенов оқулары – әдебиет пен жас ұрпақ арасындағы алтын көпір орнатты. Ақын сөзі – мәңгілік. Ол жас ұрпақтың жүрегінде өмір сүріп, шабыт беруді жалғастыра бермек.
Қымбат Садық