Павлодар облысының білім беру саласында еңбек етіп жүрген 100-ге тарта жұмысшы мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Оларға ақ дастархан жайылып, бірқатарына санаторийге сертификат табысталды. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.
Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп бекітті. Осы мамандықтар тек зауыт, өндіріс орындарында ғана еңбек етпейді. Олар біздің жан-жағымызда жүрген жүргізушілер, еден жуушылар, аспазшылар, ағаш ұстасы, аула сыпырушылар. Білім саласында талай жыл еңбек етіп жүрген осы азаматтар құрметке ие болды.
Самал Айтқазина, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы
Біздің Павлодар облысында облыс әкімі Асайын Байхатновпен бектіліген іс шаралар жоспары бар. Осыған қатысты әр сала, әр деңгей бойынша шараларымыз атқарылып жатыр. Бірақ бүгінгі іс шарамыз ерекше, себебі осы салада орта білім, мектепке дейін, интернаттық, арнайы білім ұйымдарда бірлесе жұмыс жасап жатқан оқу тәрбие мен бірлесе үлесін қосып жатқан білім саласына қызметкерлерді жинап отырмыз.
Шынында, педегогтердің таза, жарық, кең ғимаратта алаңсыз еңбек етуіне мүмкіндік беріп отырған жұмысшы мамандық иелері. Биыл олардың қызметі ерекше бағаланып отыр.
Гүлбарам Наурызбаева, «Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы
Жақсы білім алуға, ұстаздарымыз жақсы қызмет қызмет істеуге бүкіл жағдайды жасайтын бұл сіздер. Ең бірінші таза жерге келеді, қолдарыңыздан тәтті дәм татады, соның арқасында облыстық білім саласы дамып келе жатыр.
Осылайша Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының атынан бірқатар азамат алғыс хатқа ие болды. Олардың қатарында Баянауыл ауданы Шәкен Айманов атындағы мектебінен келген Ерсінгүл Сағатқызы.
Ерсінгүл Құлжанова, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының қызметкері
Мен қоймашы болып істеймін. Кезінде шаруашылық меңгерушісі болып істегенмін. Биыл бір орында жұмыс істеп жатқаныма 30 жыл бір орында. Мен асханада қоймашымын. Тамақ беремін, меню істеймін.
Осылайша білім беру саласында еңбек етіп жүрген 100-ге жуық жұмысшы ерекше құрметке ие болды. Оларға білім беру басқармасы, кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, 20 адамға санаторийге сертификат сыйға тартылды.
Самал Қалиқызы