Қаламыздағы №24 мектепте Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу өтті. Мектеп ұжымы Ассамблеямен тығыз байланыста. Әрқашан ұлтаралық достықты нығайтуға үлес қосып келеді. Толығырақ алдағы сюжетте.
№24 мектепте 2022-2023 жылдары алғаш рет республикадағы ең бірінші болып ҚХА сыныбы ашылған еді. Оған 11-сынып түлектері қатысады. Биыл Ассамблеяның 30 жылдығы аясында жоба қатысушылары жуырда ғана Президент қолынан «Парасат» орденін алған, ел анасы Бақытжамал Максиловамен кездесуге мүмкіндік алды. Айта кетейік, дәл осы мемлекеттік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының төрағасы Рамиль Смаилов та «Шапағат» медалімен марапатталған. Ол — мектеп бітіруші сыныптың сынып жетекшісі ретінде де танымал.
Кездесу барысында ҚХА өкілдері өз қызметтері туралы баяндап, елдегі тұрақты дамудың негізі ұлтаралық келісім екенін атап өттІ.
Қымбат Садық