Шаһарымызда ұлттық ойын асық атудан ел чемпионаты өтті. Әр аймақтан жиналған мергендер арасында жерлестеріміз үздік атанды. Толығырақ тілшіміз әңгімелесін.
Асық ату спортынан бәсеке ел бойынша үшінші мәрте ұйымдастырылды. Көкшетауда бастау алған дода Екібастұз қаласында жалғасып, енді Павлодарда үздік спортшылар мергендіктерін сынады. Ашылу салтанатына спорт саласының белді тұлғалары қатысты.
Жомарт Сабыржанов, асық ату спорты федерациясының вице-президенті
Құрметті спортшылар жиналған. Мынау ұлттық спортқа салт-дәстүрге деген құрметке рақмет айтамыз.
Өңірде өткен «Алаш сақасы» чемпионатына еліміздің 14 өңірінен 30 спортшы жиналды. Павлодар облысы атынан қатысқан Жомарт Нұрланов топ жарып, алтын жүлдені иеленді.
Қалибек Қуанұлы, асық атудан Павлодар облысының жаттықтырушысы
Бұл жерде әр аймақты бөліп жару өте қиын мергендерді анықтау өте қиын. Әр облыстын үміті бар бұл жерде. Әр өңірдін мергендері жиналғандықтан.
Ал 2 орынды Шымкенттен келген Нұрқисса Молджигитов иеленді, 3 орын жамбылдық Райымбек Кенжебекұлына бұйырса, қостанайлық Мұрат Ходжамұрат 4 орынға тұрақтады.
Олжас Аблин, спортшы
Мен 4 дүркін чемпиона қазақстанның Жамбылдық спортшымен кездестім. Ортадағы мүмкіндікті жақсы пайдалану керек. Қарсыласты сындыру үшін ортадағы мүмкіндікпен ұпай жинау керек қой.
Айта кетейік, Павлодарда өткен «Алаш сақасы» турниріне Дүниежүзілік көшпенділер ойынында еліміздің намысын қорғаған спортшылар да қатысты.
Байтұрсын Жұмабай