Павлодар қаласының тұрғындарына трамвайда заңгерлер, адвокаттар, сот орындаушылары кеңес берді. Осылайша азаматтар мамандарға түрлі құқықтық сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Толығырақ тілші сюжетінде.

«Әділет кеңес береді» акциясы, дәстүрлі түрде жылда өтеді. Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға заңгерлік кеңес беріп, құқықтық сауаттылықты арттыру. Бұл ретте павлодарлықтар мамандарға өз сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды.

Асқар Серғазинов, Павлодар облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы

Қойылатын сұрақтардың көбісі алимент өндіру, қарызды өндіру, еңбек өтілін растау, жылжымайтын мүлікті тіркеу, мұраны рәсімдеу, атқарушылық жазба мәселелері болып табылады.

Айта кетейік, акция кезінде Павлодар облыстық әділет департаментінің мамандары, адвокат, заңгер, жеке сот орындаушы, нотариус, заң кеңесшілері және сот сараптамасы институның қызметкерлері тұрғындарға құқықтық кеңес берді. Шара 1 мамыр бірлік күні аясында ұйымдастырылып отыр.

Самал Қалиқызы