Заң мен тәртіп бәріне ортақ. Елімізде 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтуде.Осы орайда,теміржол вокзалында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты - жасөспірімдердің теміржолдағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін тереңірек түсіндіру. Әр адам теміржол өтпелерінде өту ережесін жақсы білуі керек. Оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Шараға қала мектептерінен 50-ге жуық оқушы қатысты.
Ерден Абдуллин, Павлодар станциясы желілік полиция бөлімі басшысының орынбасары
Павлодар қаласының мектеп оқушыларының теміржол қауіпсіздігін сақтау жөнінде және өтіп жатқан жасөспірім жедел профилактикалық шарасы өтуіне байланысты, теміржол қауіпсіздігін сақтау мақсатында профилактикалық шаралар өткізіледі.
Оқушыларға теміржолда арнайы белгіленбеген жерден өтпеу керектігі түсіндірілді. Мамандар пойыздың үстіне шығуға немесе астынан өтуге болмайтыны туралы айтты. Мұндай әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Ерден Абдуллин, Павлодар станциясы желілік полиция бөлімі басшысының орынбасары
Осы теміржол өткелдерден, белгісіз орындардан өтпеу үшін түсіндірме жұмыстары өтеді. Поезд жолының мақсаттарын түсіндіреміз. Шара барысында оқушылармен басқа да шаралар атқарамыз. Осы Теміржол аумағында.
Бұндай шаралар балалардың өмірге деген жауапкершілігін арттырады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын ерте бастан қалыптастырады.
Сабина Жолдаспаева