Ресей Федерациясында өткен жарыста павлодарлық спортшылар жеңіспен оралды. Қоян-қолтық ұрыстан өткен додада жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Тілшіміз жалғастырсын.

Бұл Мәскеуде қоян-қолтық ұрысы бойынша өткен әлем біріншілігі мен достық кубогінің жеңімпаздары. Оларды туған-туыстары, әріптестері, достары, аманаттықтар осылай қарсы алды. Жеңіспен оралғандар қатарында Кристина Гордиенко да бар.

Кристина Гордиенко, жеңімпаз

Мен бұл үйірмеге жасөспірім жағымнан қатысамын. Себебі ағам осында келетін. Қазақстандағы, халықаралық жарыстарға жиі барамын. Осы жолғы жарыс екі турнирге бөлінді. Екеуіне де қатыстым. Финалда сәл қиын болды. Жалпы бәрі жақсы.

Жалпы Павлодар облысынан 14 адам жарысқа барды. Барлық спортшылар медальмен оралды. Осы жарыстың арқасында өңірде тағы 8 әлем чемпионы шықты.

Марат Смағұлов, Павлодар облысы жауынгерлік ұрыс ассоциациясының төрағасы

Біздің осы клубтан жеті бала жібердік. Сол 7нен 5-еуі чемпион болды. оқушыларымыз 2-3 рет әлем чемпионаттарын жеңіп жатырмыз. 16 мемлекет, 260 спортшы қатысты.

Енді спортшылар ересектер арасында Түркияда өтетін жарыстарға дайындалатын болады. Ол 28 мамырда басталады.

Самал Қалиқызы