Өңірімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін облыстық пәндік олимпиада басталды. Аймақ мектептерінен келген 450-ге жуық оқушы білімдерін сарапқа салып жатыр. Олимпиада екі күнге созылады. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Облыстық Білім беру орталығында ұйымдастырылған олимпиадаға жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары қатысуда. Жарыс жаратылыстану-математика және гуманитарлық бағыттар бойынша өтуде. Әр оқушы өз таңдаған пәнінен білімін көрсетіп, біліктілігін дәлелдеу үстінде.
Шадияр Антмұхамедов, оқушы
Мен БИЛ-ға түскеннен кейін биология пәнінінен дайындала бастадым.Мен болашақта өз өмірімді биологиямен қатыстырғым келеді. Мен осы олипиадаға 1 айдай уақыт дайындалдым. Болашақ арманым стоматолог болу.
Жаратылыстану-математика бағытына кіретін негізгі пәндер — физика, математика, биология, химия, информатика және география. Ал гуманитарлық бағытта тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері қамтылған. Олимпиаданың негізгі мақсаты — дарынды оқушыларды анықтап, оларды қолдау.
Азамат Шаймұрат, "Ертіс дарыны" аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы
Жалпы енді бұл олимпиада бүкіл Қазақстан бойынша өткізіліп жатыр.Білім беретін бағдарлама бойынша 7-8 сыныптарға арнарған олимпиадағы Қазақстан бойынша 10 мыңға жуық оқушы қатысып жатыр, облыс бойынша 445 оқушы қатысып жатыр.Негізінен бүкіл облысымызды қамтығанбыз.Ол 10 аудан, 3 қаланың сонымен қатар,мамандандырылған мектептердің оқушылары.
Айта кетейік, олимпиада қорытындысы бойынша ең үздік нәтижелер көрсеткен оқушылар анықталып, жеңімпаздар мамыр айының екінші жартысында өтетін республикалық кезеңде облыс намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Дильназ Куанышбекова