Бүгін облыстық мәслихаттың 21 кезектен тыс сессиясы өтті. Онда облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу және келер жылу беру маусымына дайындық туралы қаралды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Сессияда тұрғын үй сату мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, Ақсу қаласындағы салынып жатқан баспана кешігіп салынып, уақытында пайдалануға берілмеген екен. Екі көпқабатты үй 216 пәтерлі. Қаңтар айынан тек 72 –сі ғана сатылған екен. Ал облигациялық қарызы 3,2 миллиард теңгені құрайды. Қаржы кешігіп түсуіне байланысты қала әкімі облыс әкімінен негізгі борышты өтеуге қолдау көрсетуді сұрады.

Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Тұрғын үй сатылымынан кіріс көлемі бар болғаны 300 миллион теңгені құрады. Қалған қаражаттар келісімшарт талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен түсетін болады. Осыған байланысты Ақсу қаласының әкімі тарапынан негізгі қарызды өтеуге қолдау көрсету жөнінде өтініш түсіп отыр. Бұл қадам қаржылық тапшылықты болдырмау мақсатында ұсынылған. Мәселені шешу үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түсімдерінің нормативтері уақытша қайта қаралды. Бұл – тұрғын үйлер толық сатылған соң, яғни биыл қазан айына дейін қолданылатын уақытша шара.

Бұл мәселе халық қалаулыларының қолдауына ие болды. Бұдан кейін тұрғын үй коммуналды шаруашылығы басқармасының басшысы депутаттарға жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын қарауды өтінді. Құжат халықты жылумен қамту сапасын арттыруды көздейді. Депутаттар құжатты мақұлдады.

Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы

Жаңа қағидаларды бекіту Қазақстан республикасының жылу энергетика заңның қабылдауына байланысты жаңа нормалар көзделген. Құрметті депутаттар осы жобаны қолдауды сұраймын.

Сондай-ақ, Сессия отырысында облыстық прокуратура мен депутаттар жер және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады. Топ– ауыл шаруашылығын дамытып, жер қатынастарын түйткілдерді бірлесіп шешеді.

Әйгерім Тоқпанқызы