Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытында ел аумағында болмаған. Алайда, еңбек табельінде жұмыста болған деп көрсетіліп, ақы алған. Еңбек табельін жалған ақпаратмен толтырған басшылардың мәселесі әдеп кеңесінің кезекті отырысында қаралды.
Жұмыс уақытында ел ішінде болмаған мемлекеттік қызметшілердің бірі Екібастұз қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары. Ол 2024-жылдың 22 және 24 қарашасы күндері Ресей Федерация бағытында шекараны кесіп өткен. Отбасы жағдайыма байланысты деп сұранған. Алайда, еңбек табельі басқаша толтырылып, ел ішінде болмаған күндері үшін де еңбек ақы жазылған.
Өткен жылдың 12 желтоқсанда Железин ауданы Ақтау ауылдық округі аппаратының бас маманы да жұмыс уақытында мемлекеттік шекарадан шыққан. Ол басшысынан денсаулығына байланысты аудан орталығына барамын деп сұранған екен. Бұл жағдайда да қызметкердің жұмыста болғандығы көрсетілген.
Әдеп жөніндегі кеңес барысында шенеуніктер қызметкерлерінің қылығы үшін кешірім сұрап, бақылау кезіндегі кінәларын мойындады. Кеңес мүшелері Екібастұз қаласының әкіміне және Железин ауданының әкіміне шенеуніктерге қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру керектігін ұсынды.
Жанасыл Серікбол