Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда пияз экспорттау 3 айға тоқтатылғаны жайында ақпарат таратты. Бұл шара өнімнің жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалып отыр. Қазір өңірдің ауыл шаруашылық қоймаларында пияз жеткілікті дейді жауапты басқарма мамандары.
Өңір халқы айына 1000 тонна пияз тұтынада. Жылына 12 мың тоннадан аса өнімді қажеттіліктеріне жұмсайды. Былтыр аймақта пияз өндірісінің көлемі 5000 тоннады құрады. Өңірде көкөністің бұл түріне тапшылық болмайды деп атап өтті сала мамандары.
Анэль Биарыстанова, ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
Бізде жалпы Павлодар облысы бойынша пияз өндірісінің көлемі 2022 жылы 5 тоннаны құрайды. Және де пияз қоры ауылшаруашылығы құрылымдарында 1000 тоннаны және де пиязды тұрақтандыру қорларында 250 тоннаны құрайды. Және қоймаларында 700 тоннаны шамамен сауда обьектілерінде 400 тоннадан астам құрайды.
Өнім аймаққа Жамбыл және өзге де Оңтүстік өңірлерден жеткізіледі. Және де жергілікті шаруақожалықтар да пияз өсіреді. Бұл өнім Ақсу ауылдық аймағы мен Павлодар аудандарында егіледі. Егістік алқабы 120 мың гектар жерді құрайды. Жергілікті шаруалар өніммен 47 пайыз қамтып отыр. Жалпы, өңірде басқа да көкөніс түрлеріне тапшылық жоқ деп мәлім етті басқарма мамандары.
Анэль Биарыстанова, ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
Біздің облыс бойынша приязға жылдық қажетілігі 12 мың тоннаны құрайды. Сонымен облыс бойынша, өз өндірісіміз бойынша қамтамасыз пиязбен 47 пайызға құраймыз. Сонымен қатар республиканың Оңтүстік жерлері есебімен пиязды 100 пайыз қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар біздің Павлодар облысымызда қоймаларында көкністерге тапшылық жоқ.
Қазір пияз келісіне 160-180 теңге болып саудаланады. Тұрақтандыру қорының қоймасында 50 тонна пияз бар. Тұтынушылардың қажеттіліктеріне қарай Жамбыл облысынан 200 тонна жеткізіледі.
Азамат Дандыбаев, «Павлодар» ӘКК-нің бас менеджері:
Бүгінгі таңда біз пияз тапшылығын байқамаймыз. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы пияздың 250 тонна өнімін тасымалдау бойынша келісімшарт жасалды. Жергілікті және Жамбыл облысының өндірушілерінде 200 тонна бар. Біз пиязды жеткізуді қажеттілікке қарай жүзеге тапсырыс беріп, жеткілізіледі. Тұрақтандыру қорынан бұл өнім өңірдің 258 әлеуметтік дүкендеріне тасымалданады. Бағасы бақылауда болмақ. Соңғы уақытта еліміздің өзге облыстарында пияз бағасы қымбаттаған. Экспортқа қойылған 3 айға шектеу бағаны ұстап тұруға септігін тигізбек.
Әйгерім Тоқпанқызы