Облыс орталығында студенттер арасында футбол ұйымдастырылды. Қыс мезгілінің дәл ортасында өткен жарысқа колледждердің оқушылары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қысқы футболдан турнир жыл сайын өткізіледі. Биыл жарысқа аймақтың 12 колледжінен командалар қатысты.

Николай Сидоров, жаттықтырушы:

Қысқы футболға деген қызығушылық артып келеді. Алдағы уақытта премьер лига өткіземіз деген жоспар бар.

Студенттер күн райының суығына қарамастан командаға бөлініп футбол ойнайды.

Максим Бойко, жарыс қатысушысы:

Мен 7 жасымнан футбол ойнаймын. Қысқы футбол әрине қиын. Тайғақ. Доп қалай жүретіні белгісіз.

Қорытынды жарысты ойыншылар халықаралық әйелдер күні, 8 наурыз мерекесі қарсаңында өткізбек. Бұл ойын нәзік жандыларға арналады.

Әйгерім Тоқпанқызы, Артур Поляков