Бүгігі таңда еліміз балық шаруашылығын дамытуға ден қойып отыр. Бұл мақсатта 2030-жылға дейінгі бағдарлама да бекітілген. Алайда, Павлодар облысының балық шаруашылығын қолға алған кәсіпкерлер кедергі көп екендігін айтады. Тіпті, олар балық өсіріп отырған көлдің айналасындағы аумаққа иелік ете алмай отырған көрінеді.


Дәл осы себепті балықшы шаруалар тиісті мекмелерден көмек сұрап отыр. Көлдің айналасындағы жерге өзіміз иелік етпесек, балықты қалай өсіреміз деп кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Мәселе бұд ғана емес шаруашылққа қажетті инфрақұрылым да жасалмаған.Ал, одан кейінгі мәселер, сол аумаққа иелік еткен соң барып шешілмек.

Әділжан Рақышев, «Атамекен» кәсіпкелер палатасының ПОФ сектор меңгерушісі:

Су қоймасының айналасына иелік ете алмағандықтан, шаруалар ол жерде қажеттіліктерін жасай алмай отыр. Мәселен, тұрақ вагонын, контейнерлерді, өзге де қажетті құралдарын да ол жерге орналастыра алмайды. Сонымен қатар, балықшылар төрт түліктен де зардап шегіп отыр. Өйткені, аумақ негізінен жайлымдық жер санатында.

Сондықтан, балық шаруашылығы жүріп жатқан аумаққа су қорғау платформаларын салу қажет. Жалпы көлді бақылауға алған жөн. Ал, бұның бәрін шаруашылық аумағына тиесілі жерге иелік еткен соң барып шешіледі. Бұл бағытта кейбір заңнамаларды өзгерту мақсатында іс-әрекет жасалып жатыр.

Әділжан Рақышев, «Атамекен» кәсіпкелер палатасының ПОФ сектор меңгерушісі:

Кәсіпкерлер палатасы жанынан агрокешнді дамты ужөніндегі комитет құрылды. Аталмыш комитет облыстың балық шарашылығындағы мәселерді шешуге тырыстып жатыр.

Ал, облыстың жер қатынастары басқармасы мүдделі тұлғалар шаруашалық режимін құрып, көлді тиімді пайдалануы қажет дейді.

Марат Хамитов, жер қатынастары басқармасының басшысы:

Әрине сол жерде шынайы жұмыс істеп жатқан кәсіпкер үшін жер аумағын беруді қарастыруға балады. Жасалуға тиіс қажетті іс-шаралар бар. Балық шаруашығы мен мал шаруашылығының бір жерде болуы әрине дұрыс емес.

Кәсіпкерлердің шаруасы жүру үшін радиусы 150 метр жер жеткілікті. Айта кетсек, Павлодар облысында қазіргу уақытта 54 балық шаруашылығы тіркелген. Олар 15 су қоймасында жұмыс істейді.


Жанасыл Серікбол