Павлодарлық асық спортының шеберлері халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Анкара қаласында өткен Еуразия Кубогы жарысында төрт бірдей жүлдеге ие болды. Спортшылардың жаттығу барысын тілшіміз көріп қайтты.
Шеңбердің ішіндегі асық 6 метр жерден атылады. Онда сақа ұзындығындай аралық тасталған 15 асық қойылады. Ойыншының мақсаты осы асықтарды шеңбер ішінен атып шығару. 15 асықтың сегізін уақытынан бұрын шығарған ойыншы жеңімпаз саналады.
Қалибек Қуанұлы, Еуразия кубогінің жеңімпазы:
Атқан сәтті бір сәтті қатты бақылау керек. Міне, екі сызық екі жақта тұр. Арлары 15 сантиметрден. Көң сызығы деп аталады. Сақа атқан кезде көң сызығының ішімен кріуі керек. Сырғып келсе ол саналмайды.
Атқан соң сақа сыртқа шығып кетіп, асық көң сызығының ішінде қалып қойса, параллель ату мүмкіндігі беріледі. Ал, шеңбердің ішінде қалып қойса, диагональ ату мүмкіндігі беріледі.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған Еуразия Кубогі сайысында павлодарлық ойыншылар сәтті өнер көрсетті. Антальяда қөткен туриниерге 10-нан аса мемлекеттің спортшылары қатысқан.
Қалибек Қуанұлы, Еуразия кубогінің жеңімпазы:
Бізге мықты қарсылас болған Қырғызстан, Румыния, Түркия елдері. Яехия елдерінің командалары да жақсы өнер көрсетті. Жақсы дайындалған. Жалпы Павлодар облысынан 6 спортшы бардық төртеуі жүлделі оралды.
Еуразия Кубогы ерлер және қыздар командалары бойынша, ересектер арасында өтті. Қыздар бес асық сайысы бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұл ойын күрделілігі әр түрлі 13 тапсырманы орындаудан тұрады. Ең бастысы ептілік пен қырағылық.
Мерей Сүлеймен, Еуразия кубогінің екінші орын иегері:
Бір қол тізеде болу керек әрқашан. Бірінші бірлік деп аталады. Асықты иіреді. Бір-бірден жинап, фиксация жасап отыру керек. Екінші турда екі асықтан жинау керек.
Асық спорты Павлодар облысында соңғы үш жылда қарқынды дамуда. Әр ауданда жүздеген жасөспірімдер айналысады. Бұл спорт мектептерде үйірме ретінде де өткізіліп келеді.
Қизат Саят, Еуразия кубогының үшінші орын иегері:
«Нұртас» клубында асықтан нұсқаушы болып жұмыс жасаймын. Онда тұрақты екі групппам бар ересектер және жасөспірімдер. Сол 40-60 шәкірттеріміз бар.
Алдағы уақытта асық арт спорты түріне еніп, зінің даңғыл даму жолына түспек.
Жанасыл Серікбол