Павлодар қаласында Семей ядролық полигонындағы сынақтарға қатысушылардың бірлескен халықаралық форумы өтті. Еліміздің барлық өңірінен және көршілес мемлекеттерден белгілі тұлғалар мен қозғалыс өкілдері, ардагерлер шараға тікелей қосылды. Жиналғандар полигон салдарынан зардап шеккендерген әлеуметтік қолдау сұрайды.
Семей полигоны — КСРО-ның ядролық сынақ жүргізуге арналған аса маңызды стратегиялық объектілерінің бірі болды. Оны ашу үшін 18 миллион гектар жер бөлінген болатын. Бастапқыда сынақтар жер бетінде жүріп, адамдар мен қоршаған табиғатқа зиян келді. Кейін сынақтар тек жер астында жүргізіле бастады. Атом бомбаларының жарылысы жергілікті тұрғындар үшін ауыр тиіп, салдарынан 500 мыңдай адам азап шекті.
Балтабай Қаппасов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы:
40 жыл қауіп пен қасіретке айналған Семей ядролық полигонына, айықпас дертке шалдыққан адамдарда есеп жоқ. Сынақ жақын орналасқан өңірлерді қоса алғанда 1,5 миллионға жуық отандасымыз радиациалық сәулеге ұшыраған. Бүтіндей бір елдің қабырғасын қайыстырды. Сондықтан, ядролық полигонның жабылу шешімін адамзат тарихындағы ең ізгі, маңызды қадамдардың бірі деп айтуға толықтай негіз бар.
Форумға қатысушылар ел үкіметіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және барлық мүдделі органдарға Семей ядролық полигонында зардап шеккендердің құқықтарын қорғау жөніндегі заңды қайта қарау туралы талаппен үндеу жасады. Бүгінге дейін ядролық сынақтарды жоюға қатысқан адамдардың әлеуметтік жағдайы қорғалмаған.
Гүлдана Нұрпейісова, Невада-Семей қозғалысы филиалының басшысы:
Бүгінгі сұрайтынбыз үкіметтен экология министрлігін, әдеуметтік министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі бірге қосып, мәжіліске де сондай ұысныстармыз бар. Жаңадан заң қабылдау керек. Жаңа заң керек. Болмаса күрделі өзгерістер енгізу керек. Сондықтан қаулы дйаындап жатырмыз.
Биыл Невада-Семей антиядролық қозғалысына - 34 жыл. Қозғалыс зардабын қаншама қазақстандық көрді. Конференция қатысушылары форумға арнайы баяндамалар әзірлеген. Басты мақсат – ядролық сынақта зардап шеккендердің азаматтық құқығын қорғау.
Махамбет Жексенов, форумға қатысушы (Атырау қаласы):
Экология дегенде тек қана ауа, су. топырақ, жер, жануарларды айтамыз да. Бірақ осындай жарылыстардың қасіретінен қайғы екшкен адамдарды адамдар жөнінде айтылмай қалып жатады. Сол кісілерді қолдап, үкіметтің ладында қанша көрген қасірет, зардаптарына әлеуметтік жағынан қорғалсын деп, компенсация берілсін деп, енді денсаулықтарын берді ғой союздың кезінде.
Конференцияға Невада-Семей қозғалысының дәл ортасында жүрген қатысушылар жиналды. Радиациялық сәуленің әсерінен түрлі ауруға ұшырағандар үкіметтен тегін медициналық көмек көрсетуін сұрайды.
Руслан Шакаров, ядролық сынақтарды жоюға қатысушы:
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз «Естейтін мемлекетпіз». Енді біздің де сұрағымызға жауап болса екен деген ниетміз бар. Лайықты статус алғымыз келеді. Полигон құрбандарына жеңілдіктер, тегін медицина, тұрғын үймен қамтамасызт етсе. Және де біздің балаларымызға да жеңілдіктер болғанның қалаймыз. Біз полигонның қасіретін көрдік. Ол біздің балаларымызға таралды. Радиациялық ауру тұқым қуалайды ғой. Біздің балаларға да тегін медициналық қызмет көрсетуін сұраймыз.
Халықаралық форумға Алматы, Атырау, Арыс, Ақтөбе қалаларының делегаттары және РФ-ның Алтай өлкесі Третьяков ауданының депутаты, Невада-Семей қозғалысы филиалының басшысы келді. Олар форумда көтерілген мәселелер шешімін табады деп үміттенеді.
Мөлдір Сағидолла