«Учаске» жедел-профилактикасы жалғасуда. Тәртіп сақшылары есепте тұрған отбасыларға барып, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтті. Акция басталғалы полицейлер облыс бойынша шамамен 200 мың үйді аралап шыққан.
Нәтижесінде 15 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың арасында отбасылық-тұрмыстық саладағы құқыққа қарсы әрекеттер, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамауы, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзу деректері бар. Солардың бірі Павлодар қаласында тәртіп сақшылары тұрақты тұрғылықты жері жоқ 54 жастағы ер адам ұсталды. Сот шешімімен оған 30 тәулікке қозғалыс еркіндігін шектеу түріндегі превентивтік шара қабылданды. Сонымен қатар, Железин ауданының Башмачное ауылында учаскелік инспекторлар қоғамдық орында мас күйінде жүрген тұрғынды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тұрақты тұратын жері жоқ 100 адам қабылдау орнына жеткізілді. Айта кетейік, «Учаске» жедел-профилактикалық операциясы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
Дильназ Қуанышбекқызы