Баянауыл ауданында ел игілігі үшін бірқатар игі істер атқарылуда. Соның ішінде тұрғындар үшін аса маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – көше жолдарын жөндеу және жарық шамдарын орнату жұмыстары. Толығырақ алдағы бейенематериалдан көрейік.
Жол мәселесі — елді мекеннің тіршілігі мен дамуының күретамыры. Осы мақсатта аудандағы бірқатар көше жолдарына қарқынды жөндеу жұмыстары жасалды.
Фархат Дәрібаев, Баянауыл ауылдық округінің әкімі
Толық асфальт бетон жамылғысы жабылды 9 шақырым жерге толықтай. Баянауыл ауылдық округі бойынша жолдарды қыста күтіп ұстау бойынша мердігер бар, қаңтардың 1-нен 31 желтоқсанға дейін бір жылға жеке кәсіпкер мердігеріміз бар. Барлық жолдарды күтіп ұстайды, көктайғаққа қарсы, қар шығару жұмыстарын жүргізеді.
Ауданда инфрақұрылымды жақсарту бағытында тағы бір маңызды жұмыс аяқталды.Мұнда көшелерге жарық шамдары орнатылып, түнгі уақыттағы көріну мен қауіпсіздік деңгейі артты. Биыл өңір басшысының қолдауымен 9 шақырым көше жарығы орнатылды.
Тұрғындардың жайлылығы, ең бастысы балалардың қауіпсіздігі үшін жалпы саны 307 баған қойылды. Аудан орталығындағы 13 көше жарықтандырылып, қоғамдық тәртіптің сақталуына оң әсер етеді деген сенім бар.
Фархат Дәрібаев, Баянауыл ауылдық округінің әкімі
Осы 2025 жылғы жоспарға сәйкес 9 шақырмға көше жарықтары орнатылды. Бізде тапсырыс беруші аудандық экономиканың нақты сектор бөлімі болды. Толық жұмыстар жүргізілді, барлық көше жарықтары жанып тұр.
Жол мен жарық мәселесінің шешілуі — ауданның дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта да осындай жұмыстар жалғасын таппақ.
Қымбат Садық