Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ және Қаратомар ауылдық округтерінде соңғы жылдары егін шаруашылығы қарқын алып келеді. Биылғы науқанның ерекшелігі – шаруашылықты әртараптандыруға баса көңіл бөлінуінде. Дәстүрлі бидай мен арпа өсірумен қатар, аудан аумағында майлы дақылдар мен бақша өнімдерін егу ісі жолға қойылды.

Бұл – жердің құнарын тиімді пайдаланып, ауыл экономикасын жаңаша бағытта дамытуға бағытталған игі бастама.Жаз бойы жер баптаған шаруалар күзгі жиын-терім науқанын аяқтапта қалды.

Бақытжан Күлжан, Баянауыл ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы

17 шаруақожалық егістіктпен айналысады. Оның ішінде дәнді-дақылдар бар, бидай, арпа. «МТС Жайма» ЖШС ыил бірінші рет картоп екті. Егін науқаны биыл бізде 10 центнерден шығып отыр. Былтрығы жылдары бұдан жақсы көрсеткіш көрсетілген, ал биыл тәубе деп отырмыз.

Сонымен қатар, ауданда кәсіпкерлікті дамыту мен ауыл шаруашылығын қолдау бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Шағын және орта бизнес иелеріне мемлекет тарапынан гранттар, төмен пайызды несиелер және инфрақұрылымдық көмек көрсетілуде.

Бақытжан Күлжан, Баянауыл ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы

Биылғы 1 қазанға есептеген кезде 797 млн теңгеге дейін субсидия берілді. Оның ішінде мал шаруашылығы 653 млн теңге болса, жаңа техникалар мен құрал-жабықтар алуға 140 млн теңге берілді. Оған қоса тұқым шаруашылығына 1 млн 100 мың теңге бөлінсе, егін шаруашылықтарымен айналыстатын шаруашылықтарға 1 млн 700 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ, ауылшаруашылық саласында ізде биыл жаңа екі жоба іске асырылайын деп жатыр. Бұл жайылымдарды суландыру. «Отан» шаруақожалығы Ұзынұлақ ауылдық округінлде тұрады, ол биыл қосты. Одан бөлек Қызылтау ауылдық округ жеріне «Асқар» шаруақожалығы суландыру жұмыстарымен айналысайын деп жатыр.

Бұған қоса шаруашылықты дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге техника алуға, жайылым мен су жүйелерін жақсартуға арналған субсидиялар мен жеңілдіктер қарастырылған.

Қымбат Садық