Шідертіде жағымды жаңалық көп. Елдімекенде орталық саябақ ел игілігіне берілді. Бұған дейін жөндеуді қажет еткен демалыс орны бүгінде көрікті келбетке айналды.Толығырақ саябақтың салтанатты ашулы рәсіміне қатысып қайтқан әріптесім жалғастырсын.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың және Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің қолдауымен қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыстар атқарылған. Бұл игі іс — Шідерті тұрғындарының ұсынысы мен тілегінің нәтижесі.
Бибігүл Иманғалиева, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
Бүгінгі таңда тұрғындар үшін Шідерті кентінде орталық демалыс паркін ашу өз мәресіне жетіп отыр. Сондықтан сіздерді осы ерекше күнмен шын жүректен құттықтаймын.
Мерекелік шарада ақсақалдар бата беріп, кент әкімі саябақтың құрылысы мен абаттандыруына атсалысқан мердігерлерге алғыс хат табыстады.
Алмас Насиков, Шідерті кентінің әкімі
Бұл саябақтың абаттандыру жұмыстарына 293 млн бюджеттік қаражаттан сьметалық жоба болған. 4 айдың ішінде жұмысты аяқтады. Жұмыс халықтың сенімінен шықты. Халықтың бәрі өз ризақшылықтарын білдіріп жатыр.
Жаңарған саябақта демалуға барлық жағдай жасалған: қоршауы жаңарып, сахна, балалар және спорт алаңдары, алтыбақан, жарықтандыру жүйесі орнатылған. Сонымен қатар дыбыс жазу мүмкіндігі бар 6 бақылау камерасы іске қосылды.
Алмас Насиков, Шідерті кентінің әкімі
Саябақта міне 6 камера орнатылған камера барлығы дыбыстық режимде, Барлығын осы жерден бақылауға болады.Бірінші балалар алаңы, болейбол және үшінші камера міне бізде тренажерный.
Бұрын мерекелік шаралар әртүрлі алаңдарда өтсе, енді жаңа саябақ – ауылдың басты мәдени демалыс орталығына айналмақ.
Аюпхан Есенбаев, Шідерті кентінің тұрғыны
Күллі ауыл қуанып жатыр,осындай керемет саябақ ашылып жатыр. Мұндай болмаған. Облыс қала әкімдерінің қамқорлығымен осындай ашылды. Бврлық жағдай қарастырылған.Бұрын ескі болатын өте жақсы. Бәріміміз қуанып жатырмыз.Ұзағынан болсын.
Айлита Шукебаева, Шідерті кентінің тұрғыны
Біздің келешек балаларымызға өте керемет жер өте қуаныштымыз.Енді ары қарай саябағығымыз құлпыра берсін.Біз өте қуаныштымыз.
Сондай-ақ, салтанатты ашылу барысында ауыл тұрғындарына ыстық палау мен бауырсақтар таратылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Дильназ Қуанышбекқызы