Оқушылар сарайында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың арманын жүзеге асыратын ерекше жоба – республикалық «Жұлдыз болғым келеді» ән байқауының іріктеу кезеңі өтті. Бұл – өнерге бейім балаларға өз қабілетін көрсетіп, үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік беретін алғашқы республикалық бастама. Сайысқа балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Балалар осылай үлкен сахнада өз өнерін паш етіп, ән арқылы жүректегі арманын жеткізді. Жобаның авторы – блогер Алексей Лодочников. Ол бұл идеяны өз өмірлік тәжірибесінен алғанын айтады. Оның мақсаты әр баланың бойындағы талантты танып, шығармашылыққа жол ашу.
Алексей Лодочников, республикалық «Жұлдыз болғым келеді» жобасының авторы, блогер
Жалпы бүгінгі іріктеу кезеңіне жалпы 10нан астам өтінім түсті. Осы 10 баланың арасынан біз бүгін 4 финалистті іріктеп желтоқсан айында Астана қаласында өтетін финалға апарамыз. Біздің сайысымыздың басты сыйлығының бірі бұл төрт адамға Дубайға жолдама. Осы сайысты алғашқы рет өткізіп отырмыз. Жыл сайын осы сайысты өткізетін жоспарымыз бар. Жыл сайын сайыстың бағыттары өзгеріп тұрады. Алғашқы жыл вокал болса, келесі жылы хареография, аспаптық ойнау деп кете береді. Бұл байқауды біз ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіп жатырмыз.
Бұл жоба балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Байқау барысында қатысушылар ән айтумен қатар сахна мәдениетін үйреніп, өздерін еркін таныстыруға мүмкіндік алды. Олардың қатарында Эвелина Чистякова бар. Ол болашақта әнші болуды армандайды.
Эвелина Чистякова, Павлодар қаласының балаларға қолдау көрсету аймақтық орталығының тәрбиеленушісі
Бұл байқауға қатысатыныма өте қуаныштымын. Мен гран-при жүлдесін иеленіп, Дубайға баруды армандаймын. Вокалмен айналысқаныма бір-ақ жыл болса да, үлкен жетістікке жетемін деп сенемін. Осы сайыс менің арманымды орындауға мүмкіндік береді деген ойдамын. Мен бүгін шамамен 2 ай бойы дайындаған, «Маленькая страна» әнін орындаймын.
Облыстық іріктеу кезеңінде төрт жеңімпаз анықталды. Олар Астана қаласында өтетін республикалық финалда өнер көрсетеді. Қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сабина Жолдаспаева