«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы Атамекен кентінде де ұйымдастырылды. Онда мәдениет үйінде азаматтарды қабылдау жүргізілді. Толығырақ тілші сюжетінде.

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы «Заң және тәртіп» қағидатын қоғам арасында енгізу мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Атамекен кентінінің тұрғындары да бұл шараны жылда күтеді. Азаматтар көкейде жүрген, қордаланған сұрақтарымен жүгінді.

Диляра Зайыргелдинова, Атамекен кентінің тұрғыны

Қазір ағамның пәтерінде тұрып жатырмын. Балалармен ағамның үйінде тұрамын. Декреттемін. Жұмыс істейді.официльно жұмыс істей алмайды. Мен үй мәселесімен келіп тұрмын. Үй туралы білуге. Өзімде үш балам бар. Төртіншіге аяғым ауыр. Соны білуге қандай документ керек екен.

Қабылдауға келген Атамекен кентінің тұрғындары әлеуметтік жағдай, тұрғын үй мәселесі, жарықтандыру, жолдардың сапасы бойынша сұрақтарын ортаға тастады. Мамандар өз кезегінде сапалы қолжетімді көмек ұсынды.

Лера Кленова, Атамекен кентінің тұрғыны

Мен заңгерге келдім. Осыған дейін біз елдімекенде 40 түп ағаш отырғызғанбыз. Осы ретте, ол көшеттерді жұлып тастапты. Енді осындай бұзушылық жасаған адамдарды жауапқа тарту керек деп ойлаймын. Сондықтан заңгерге барып, кеңес аламын.

Әлеуметтік акция барысында тұрғындарды прокурорлар, полицейлер, заңгерлер, мемлекеттік орган өкілдері қабылдады. Негізгі мақсат азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Динара Қабышева, Павлодар қаласы прокуратурасының аға прокуроры

Бүгінгі іс шара республика көлемінде жүзеге асып жатқан әлеуметтік жобаның бір бөлігі. Жобаның неігзгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін, құқықтық сауаттылығын арттыру. Қолжетімді әрі білікті көмекті қамтамасыз ету. Бүгінгі іс шараға тәжірибелі адвокаттар, заңгерлер, мемлекеттік органдар өкілдері тегін сапалы практикалық кеңес береді. Бұл бір реттік акция емес, қоғам мен мемлекеттік институттардың жүйелі форматы болып табылады.

 Айта кетейік, аталмыш акция бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде өтті. Осылайша қаншама азамат білікті мамандардан сұрағына жауап алып, көмекке ие болды.

Самал Қалиқызы