Облыс орталығында колледж студенттері мен оқытушылары радиотехника, электроника және телекоммуникация саласындағы жетістіктерімен әлемдік деңгейде танылды. Оқу орны елімізде алғаш болып халықаралық аккредитациядан өтті. Бұл мәртебе оқу бағдарламасының сапасы халықаралық талаптарға толық сай келетінін дәлелдейді. Сондай-ақ, түлектерге шетелде білімін жалғастыруға және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Бұл мәртебе, білім сапасының нақты дәлелі. Павлодар электроника және коммуникация жоғары колледжі бір жыл бойы кезең-кезеңмен тексеруден өтті. Сарапшылар оқу бағдарламаларын, оқытушылардың біліктілігін, зертханалардың жабдықталуын және студенттердің дайындық деңгейін жан-жақты бағалады.

Асқар Ахметшаихов, Павлодар қаласы жоғары электроника және коммуникация колледж басшысының орынбасары

Бүгін біздің колледж жақсы себеп болып жатыр. Бүгін халықаралық аккр-цияда сәтті өтуі аяқталды. Бұл жұмыс ақпан айында басталған .. сертификаты табысталды.

Халықаралық аккредитацияның басты артықшылығы – енді колледж түлектері алған дипломен тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жұмыс істей алады. Ал бүгін Павлодарға Орталық Азия бойынша аккредитация орталығының өкілдері келіп, атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды. Көптен күткен сертификатты салтанатты түрде табыстады. Өз кезегінде оқу орны басшылығы осы жетістікке қол жеткізу үшін табандылық көрсеткен ұжымға алғысын білдірді.

Марат Нығметов, колледж басшысы

Бүгін осы жерде сертификат алып жатқанымыз ол салалаық халықаралық аккредитиция өткеніміздің нәтежесі. Біздің мамандық радиотехника .. серіктестігінің арқасында.

Елімізде «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» бағыты бойынша халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын жалғыз оқу орны саналатын бұл колледж енді саланың жұмыс істеп жүрген мамандарының біліктілігін бағалап, оларға халықаралық үлгідегі сертификат беру құқығына ие болды. Студенттердің айтуынша, бұл жетістік олардың кәсіби болашағын кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Ибраһим Әбіл, 3 курс студенті

Осы жолға әкелген ағам. Және осы профессия маған ұнайды. Болашақта осы профессияны басқа қалаларда көрсетсем деген ойдамын.

Бүгінде бұл мамандықта жүзден астам студент білім алуда. Соңғы жылдары радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығына сұраныс артып келеді.

Әйгерім Тоқпанқызы