Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Баянауыл ауданында іс-сапармен болды. Онда келесі туристік маусымға дайындық барысын тексерді.
Баянауыл-Сарыарқаның інжу- маржаны. Көркі көз тартады. Жаз сайын алыс-жақыннан осы табиғатты тамшалауға келетіндер көп. Ал басты міндет осы әсем табиғатты сақтай отырып, туристерге жайлы орта құру. Сондықтан, келесі жылға бірқатар жоспар бар. Мәселен, Жасыбай көлінің жағасы абаттандырылады. Санитарлық алаңдар жасалып, павильондар құрылады. Душ кабиналары көбейіп, спорт алаңдары құрылады.
Ал, Сабындыкөлдегі жұмыстар негізінен аяқталған. Қазір онда заманауи жағажай пайда болды. Бақылау алаңы да салынды. Желтоқсанда жаңа орталық пайдалануға беріледі.
Жанасыл Серікбол