Әкім бол халқына жақын бол. Павлодар облысында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы басталды. Алыс-жақындағы елді мекендердің дамуы үшін үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілердің ішіндегі жеңімпазды маусым айында жариялайды.
«Үздік ауыл әкімі» республикалық жобасы 2020 жылдан бастау алды. Жергілікті халықпен тікелей байланыс орнату қабілеттілігі жоғары және барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша дер кезінде шешім қабылдай білуі халық қалаулысының басты міндеті. Бұл республикалық конкурста ауыл әкімдері мемлекеттік қызметшілер жұмыстарын кең ауқымда насихаттай алады.
Руслан Иманқұлов, мемлекеттік қызметтерді бақылау басқармасының басшысы:
Конкурстың масаты – жұмыста жоғары тәжірбиелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу. Екі негізі кезеңнен өткізіледі. Бірінші кезең өңірлікғ облыстық деңгейде өткізіледі. 2 кезең – республикалық, республикалық деңгейде өткізіледі.
2022 жылы Павлодар облысынан республикалық кезеңге Успен ауданы Новопокровка ауылдық округінің әкімі Вячеслав Николаевич Симоменко ұсынылып, республикалық додада 2-ші орынға ие болды. Бүгінде мемлекеттік қызметші елді-мекенде ауылдастары үшін тыңбай еңбек етіп келеді.
Руслан Иманқұлов, мемлекеттік қызметтерді бақылау басқармасының басшысы:
Жас маман. Әкім болып істеп жатқанына бірсыпыра уақыт болды. Өзің жақсы жағынан көрсетті. Презентациялары өте тамаша болғандықтан комиссия мүшелері ары қарай шешім қабылдап, республикаға жіберді.
«Үздік ауыл әкімі» республикалық жобасының негізгі талаптары бар.
Руслан Иманқұлов, мемлекеттік қызметтерді бақылау басқармасының басшысы:
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында екі жылдан кем емес еңбек өтілімі болуы керек және әдеп туралы кодексінінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ 2022 жылға «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау қортындысы «тиімдіден» төмен емес бағаланған кент, ауыл,ауылдық округ әкімдеріне жол беріледі.
Құжаттар 22-ші наурызға дейін қабылданады. Ал, конкурстың нәтижелері республикалық комиссияның шешімімен анықталады.
Мөлідр Сағидолла