Достық үйінде «Отбасы – тәрбие іргетасы» фестивалі өтті. Фестиваль қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен ұғындыруға арналды. Сондай-ақ, онда Павлодар өңірі этностарының мәдениеті мен ұлттық дәстүрлеріне де таныстырылды.
Іс-шараның мақсаты – көпмәдениетті Қазақстанның әралуандылығын және дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін насихаттау. Фестивальге Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептері мен облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктері қатысты.
Ольга Николашина, ҚХА Павлодар облыстық филиалы аналар кеңесі төрағасының орынбасары
Асссамблеяның 30 жылдығы қарсаңында дәстүрлер фестилваін өкітізіп жатырмыз. Барлық этностардың мәдениеті мен құндылықтары көрсетіледі. Бұның бәрі ұрпақ тәрбиесі. Мемлекет басшысы да тәрбие негізі Отанды сүю, этосаралық бірілкті сақтау сияқты фундаменталды құндылықтар болуы керектігін баса айтты.
Павлодар облысы ҚХА Аналар Кеңесінің ұйымдастыруымен өтетін Фестиваль өңірдегі этносаралық бірлік пен татулықты, қоғамдық келісімді нығайту мақсатын көздейді.
Дәстүрі-құндылықтар жүйесі. Терең тәрбие негізі. Шара асында ел бірлігін насихаттайтын мәдениттер көрсетілді.
Жанасыл Серікбол