Қазіргі таңда республика бойынша ғылыми мекемелер мен кітапханаларда сақталған сирек қолжазбалар мен кітаптардың бірыңғай тізімі жасалып жатыр. Ұлттық орталық былтырдан бері елімізде осындай мұраларды бір арнаға тоғыстырып, ортақ реестр жасау ісін қолға алған еді. Бұл игі бастама енді біздің өңірде жалғасын таппақ.
Өлкенің рухани мұрасын түгендеп, ұлт жадына айналған асыл қазыналарды жүйелеу- міндет. Бұқар жырау атындағы музейде өткен басқосуға Павлодар облысының өлкетанушылары, зиялы қауым өкілдері мен тарихшылар жиналды. Оған арнайы Астанадан Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» мамандары келді.
Гүлсім Бисенова, қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің жетекші сарапшысы
Былтырғы жылы мысалы біз ұлттық орталық қоры еліміздің оңтүстістүк өңірінде Түркістан, екі мың жылдық тарихы бар Тараз, Қызылорда облысы, Семей облысы бойынша осындай іс-сапарға шыққан болатынбыз.Нәтижесінде біраз нәрселер анықтадық.Мысалы Семей облысында бір ағаш мәшіт бар екен. Онда мың жарымнан аса, тіпті саны да белгісіз жазба деректер сақталуда екен.Ол туралы да біз анықтақ.Әрине оны алу алмау мәселерінде жолға қойып, мемлекет тарапынан шешкен болатынбыз.
Кездесу барысында өңір тарихына қатысты сирек қолжазбалар, олардың сақталуы мен зерттелу жолдары, сондай-ақ цифрландыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар орталық мамандарына сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Айтолқын Абишева, қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің аға сарапшысы, шығыстанушы
Маман жоқ шағатай тілін білетіндер өте аз, араб тілін өзім аудармашымын.Оларды да түсінетін адамдарда жоқ.Біз түсінгеннен кейін ғана олар мектептерге кетеді.
Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер жергілікті мұрағаттардың әлеуетін арттырып қана қоймай, жас буынды да ұлттық құндылықтарды бағалауға баулиды.
Дильназ Куанышбекова