Павлодар тұрғыны өз үйін көне мұралар жинайтын музейге айналдырған. Онда сирек кездесетін бірегей жәдігерлер топтамасы көп. Қызығушылық қашан басталды? Ондағы экспонаттардың құндылығы қандай? Тілшіміз тарқатсын.
Бұнда 17 ғасырдың тұрғындары тұтынған бұйымдар да, Кеңес кезінде қолданылған заттар да бар. Тұтас тарихты, өткен ғасырлардағы адамдар өмірінен хабар алуға болады. Ескі кітаптар, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар мен тұрмыстық техникалар. Бұл бірегей үй «мұражайы» көпшілік көрме мәртебесіне ие болмаса да, коллекция иесі жәдігерлерді достары мен таныстарына қуана көрсетеді. Ол осы заттардың көпшілігін іздеп, қалпына келтіруге 30 жыл жұмсаған. Әр жәдігердің өзіндік ерекше тарихы бар.
Александр Монастырский, Павлодар қаласының тұрғыны
Доңғалақ. Кәдімгі арбаның доңғалақтары. Өткен ғасырдың елуінші, алпысыншы, тіпті, отызыншы, қырқыншы жылдары да қолданылған. Доңғалақтан соң 1904-жылдары қолданыста болға соқа қолыма түсті.
Көне мұралар бұнда ескіріп, тот пен шаң басқан күйінде келеді. Кейіпкеріміз олардың барлығын өңдеп, қалыпқа келтіреді.
Александр Монастырский, Павлодар қаласының тұрғыны
Көп заттарды гараждар мен жертөлелерде жатқан жерінен әкеледі. Біз жөндеп. Жұмыс жағдайына келтіреміз.
Бұл жай ғана ескі заттардың жинағы емес – әрбір экспонатта өткен дәуірдің ізі бар. Павлодар тұрғыны алдағы уақытта жәдігерлер саны бұдан да артып, қалың жұртшылыққа кең көлемде көрсете алатындығына сенеді.
Жанасыл Серікбол