Елімізде өткізілген ұлттық инвентаризация нәтижесінде пестицидтермен ластанған 100 ден аса аумақ анықталған болатын. Ал, оларды бақылауда ұстап, тұрақты басқару өте өзекті.

Сондықтан БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы еліміздің бес өңірінің осы саладағы мамандарын жинап Павлодарда арнайы тренинг өткізіп жатыр. Қатысушыларға химиялық қосынды төгілген аумақтарды зерттеу, сынама алу, кешенді жұмыстар жүргізудің заманауи әдістері үйретіледі. Тренингтің Павлодарда өткізілуі кездейсоқтық емес. Себебі, қаланың дәл іргесіндегі Атамекен ауылында бұрын агрохимиялық қойма болған. Дәл осы жер еліміздегі ең ластанған аумақтардың бірі болып саналады.

Әсел Рахымова, ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің басқарма басшысы

Республикалық меншікке сот шешімімен өткеннен кейін экология министрлігі тарапынан ол жерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның халыққак зияны және жерге зияны, маңайында тұрып жатқан халыққа зияны бар деп айта алмаймын мен. Ол қалдықтар жойылады Республика меншігі бойынша.