Өңірде шыбын-шіркейді улау жұмыстары жалғасуда. Мамандардың айтуынша, күннің жылынуына байланысты жәндіктердің белсенділігі артып келеді. Күн жылынса тұрғындардың мазасын қашыра бастайтың зиянкестерді улау шаралары қалай өткенін әріптесім айтсын.
Байтұрсын Жұмабай, тілші
Қазір Аққулы маңындағы өзен бойында шыбын-шіркей дернәсілдерін улау жұмыстары жүріп жатыр. 10 нүкітеге дәл осындай 4 баржа жұмылдырылған. Біз тұрған су көлігінде 13 бактан бір мезетте дәрі өзенге шашылады. Айта кетейік, улау шаралары шыбын шіркей дернәсілдерінен басқа тірі жаңға зияны жоқ.
Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, қолданылып жатқан препарат катердің астындағы ағынмен өзен бойына таралып, суда еріп кетеді. Жұмыс кезінде толқын пайда болып, баржа оңға және солға қозғалады. Осылайша, химиялық зат суға толық араласып, бүкіл аумаққа біркелкі жайылады.
Бауыржан Жанаков, мердігер
Біз өзенді өңдеудің 1-турын бастадық. Негізгі өңдеу жұмыстары Ертіс өзенінің басты арнасында жүргізіледі. Биологиялық препарат ретінде 30 пайыздық суспензия түріндегі «Бактецит» қолданылады. Ғылыми топтың ұсынымдарына сәйкес, жұмыс жоспары төрт баржаға бөлініп берілген.
Биыл улау шаралары әдеттегіден ертерек басталып отыр. Бұған өзен суының ерте тасына себеп болған. Су температурасының көтерілуі дернәсілдердің уақытынан бұрын жетіліп, белсенді кезеңге ерте шығуына әкелген.
Дәулет Ибраев, ғылыми топтың жетекшісі
Биыл су температурасы әдеттегіден жоғары. Мұның себебі — көктемнің алғашқы айлары өте ыстық болды, әсіресе сәуір айының соңғы аптасы ерекше ыстық өтті. Бұл жылудың әсері мамыр айында да байқалып отыр. Сол себепті, қазір зиянкестердің, соның ішінде масалар мен басқа да жәндіктердің дамуы әдеттегіден сәл жылдамырақ жүріп жатыр.
Шыбын-шіркей дернәсілдерін өзен арқылы улау үшін жалпы 100 мың литр дәрі қолданылған. Мамандардың айтуынша, бұл препаратты өзенге құю тәсілі өз нәтижесін береді деп күтілуде.
Байтұрсын Жұмабай