Ауылды жерде жасөспірімдердің бос уақытын қамтып, салауатты өмір салтын насихаттау үшін спорттық кешендер салу керек деп мемлекет басшысы жолдауда атап еткен еді. Бүгін бұл бастама Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында орындалды. Мұнда 200 орынға арналған спорт кешені бой көтерді. Оның ашылуы салтанатына біздің арна тілшілері де қатысып қайтты.

Қараоба ауылы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Себебі, ауыл төрінен заманға сай ғимарат бой түзеді. Оның ашылу салтанынан аудан әкімі қатысты.

Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі

Бүгін Қараоба ауылы үшін тарихи және әрі қуанышты күн.Біз жаңа дене шынықтыру сауықтыру кешенің салтанатты түрде ашып отырмыз. Бұл нысан денсаулықпен салауатты өмір салтын насихаттайтын жаңа белес.Болашақ чемпиондардың өсіп шығатын үлкен бастама.Қараоба ауылдық округі әрдайым спорттық рухы биік мекен ретінде таңылып келеді. Мұнда еркін күрес, қазақша күрес, белбеу күресі, футбол және волейбол сияқты спорт түрлері кеңінен дамыған.

Спорттың кешен Қараоба ауылында бұрын соңды болмаған. Елдімекен тұрғындары сұрауымен салынды.

Азамат Имашев, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Биылғы жылдың ішінде 7 спорттық нысан бой көтерейін деп тұр облысымызда.Оның ішінде басейндер бар.Және де Павлодар қаласында көптен күткен мұз сраайы мен 5мың адамдық көп функционалды спорт сарайы салынады болақша. Және Екібастұз қаласында да көп функционалды үлкен спорт ғимараты бой көтеретіні шешілді.

Күләш Сәрсембекова, ардагер ұстаз

Өте сондай қуаныштымыз Бүгінгі күн біз үшін көптен күткен спорттық кешеніміз ашылып жатыр.Қаршыға Зәлмұханұлы айтып кеткендей біздің ауылдан көптеген спортышылар шыққан.Алдағы уақытта да жұлдыздары жарқырап жастарымыз өсіп келе жатыр.

Дильназ Куанышбекова,тілші

Міне, шырайлы Қараоба ауылында көптен күткен, талай жұрттың арманына айналған спорт кешені есігін айқара ашты — енді ауыл жастары салауатты өмір салтын серік етіп, биік белестерді бағындыруға жол ашылды.

Айсу Малдыбай, оқушы

Мен волейболмен 1 жылдай уақыт айналысамын. біз спорт кешені ашылғанына өте қуаныштымыз. алдағы уақытта биік белестерді бағындырамыз деген үміттемін.

Нысанда спортшыларымызға арналған футбол алаңы,волейбол,басткебол, күрес, бокс, және түрлі жаттығу алаңы бар.

Шолпан Байдильдина, Қараоба ауылдық округінің әкімі

Бүгінгі бізде өте қуанышты тарихы күн көптен күткен спорт кешені ашылып жатыр өте ризамыз.Облыс әкімі Асайын Қуандықұлына алғысымызды білдіреміз. Бізді қолдап ауылымызға осындай спорттық кешен салғыздырып көмек қолын созғанына халық дән риза.Енді бұл спорт кешен ішінде 200ге жуық адаммен іш-шара өткізуге болады.

Кешенде бірнеше спорт түрлері бойынша жаттығу алаңдары мен қажетті инфрақұрылымдар қамтылған. Бұл нысанның ашылуы ауыл халқын жаңа спорттық белестерге жетелейтіні сөзсіз.

Дильназ Куанышбекова