Павлодарда Ішкі істер органдары мамандандырылған күзет қызметі бөліністері арасында қоян қолтық ұрысынан жарыс өтті. Жалпы еліміздің барлық өңірлерінен келген 200-ге жуық спортшы бақ сынады. ТОлығырақ тілші сюжетінде.
Күзет қызметі ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында жұмыс жасайтын бірде бір ұйым. Олардың тұтқиылдан келген соққыларға сақадай сай болуы маңызды. Сондықтан жылда әзірлікті тексеретін жарыс өтеді. Дәстүрге айналған турнир биыл Павлодар қаласында ұйымдастырылды. Оған ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің 200-ге жуық маманы қатысты.
Асхат Ахметов, қатысушы
Жарысқа 2020 жылдан бастап қатысудамын. Жұмысқа да 2020 жылы орналасқам. Әріптестерге сәттілік тілеймін. 2021 жылы Әлем чемпионаты болған сол жерде бірінші орын алдым. Өзім спортшеберімін, бокстан, қоян қолтық ұрыстан спорт шеберімін спорт шеберіне үміткермін универсиальный бойдан.
Ер азаматтармен қатар нәзік жанды арулар да спорттың бұл түрінен құр алақан емес.
Айнұр Түкетова, қатысушы
Мен Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметінде қызмет инспектормын. 16 жыл жұмыс жасаймын. 5 жылдай болды. Шымкентте қатыстым орын алмадым, биыл тағы бағымды сынауға келіп тұрмын.
Қоян-қолтық ұрысы тартысқа толы болды. Өйткені, ойынға кіл мықтылар іріктеліп алынып, жоғары деңгейде өнерлерін ортаға салды.
Ренат Шайков, Павлодар облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары
Жарыстың негізгі мақсаты – қоян-қолтық ұрысты әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, күш құрылымдары қызметкерлерінің физикалық дайындықтарын сынға салу. Жалпы қоян-қолтық ұрысы полицейлерді дайындауда маңызды. Жылда өтеді, әр жылы әртүрлі өңірде ұйымдастырылады. Жауынгерлер жергілікті деңгейде іріктеуден өтті.
Айта кетейік, жарысқа жалпы әр өңірден 19 команда қатысты.
Самал Қалиқызы