Павлодарда «Естай-Қорлан» тарихи телехикаясын түсіруге дайындық жұмыстары басталды. Шығармашылық топ халық ішіне кастинг жариялады. Айтуларынша, Естай сері мен Қорлан сұлудың ролін сомдауға лайық адам әлі табылмаған.
Павлодар тұрғындары Естай мен Қорлан аңызы жайлы тарихи туындыға кастинг жарияланғандығын естіп, Аймауытов атындағы театрға жиналды. Әрқайсысы маңызды рольдерден үмітті екендігі сөзсіз. Телехикая Естай және оның замамынын көрсететіндіктен шығармашылық топ әр түрлі типтер мен кейіпкерлерге лайықты адамдарды іздеуде.
Жансерік Берікұлы, «Естай-Қорлан» тарихи телехикаясының кастинг директоры
Тарихи телехикая болғандықтан Естайдың сал-серілік құрып жүрген кезінде Біржан салдар да бой көрсетеді. Сол замандағы тойлар, «күйеудің ұрын баруы» сияқты дәстүрлер көрсетіледі. Ойын-сауығын түгел кадр арқылы көрсеткіміз келеді. Қаншалықты актерлар көп болса, кадрымыз да, телехикаямыз да сәтті шығады деп ойлаймыз.
Телехикаяда басты рольдерден бөлек, эпизодтағы, массадағы актерлар саны да ауқымды. Басым бөлігі әлібетте Павлодар облысының тұрғындарының таңдалмақ. Алайда, Естай мен Қорлан ролін сомдауға лайықты жан Қазақстан бойынша іздестірілуде.
Жансерік Берікұлы, «Естай-Қорлан» тарихи телехикаясының кастинг директоры
Кастингті бастағанымызға бір апта болды. Әлі ешкімді бекіткен жоқпыз. Кастинг әлі екі ай бойы жалғасады түсірілімге дейін. Естай атамыздың өзі осы өңірден болғандықтан Жалпы Павлодар өңірін, Баянауылды, Екібастұзды қамтып түсіргіміз келіп тұр.
«Естай-Қорлан тарихи телехикаясы «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысы бойынша түсірілуде. Режиссер Нұргелді Садықұлов, продюсері Назгүл Қарабалина. Түсірілім жұмыстары шілде айына жоспарланып отыр.
Жанасыл Серікбол