Павлодарда Ішкі істер органдары мамандандырылған күзет қызметі бөліністері арасында қоян қолтық ұрысынан жарыс өтті. Жалпы еліміздің барлық өңірлерінен келген 200-ге жуық спортшы бақ сынады. Павлодарлық Махаббат Сағитова жеңімпаз атанды. Ал, жалпы командалық есепте Қарағанды мен Ұлытау облысы 1 орын алды.Толығырақ тілшіміз айтсын.
Күзет қызметі бөліністері арасында қоян қолтық ұрысынан жарыс жылда өтеді. Биыл Павлодар қаласында ұйымдастырылды. Оған еліміз бойынша ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің 200-ге жуық маманы қатысты.
Сергей Вальтер, Павлодар облысы бойынша қоян-қолтық ұрысы федерациясының төрағасы
Қатысушылар бәрі жақсы дайындалған. Бұл арқылы мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің Қазақстан құрама командасы құралады. Осыннан іріктеледі. Павлодар облысынан 8 салмақ санаты бойынша 8 ер адам, 3 салмақ санаты бойынша 3 әйел қатысты.
Ер азаматтармен қатар нәзік жанды арулар да спорттың бұл түрінен құр алақан емес. Павлодарлықтардан 1 орынды Махаббат Сағитова, 2 орынды Надежда Казакова және ерлер арасында екінші орынды Қуаныш Бұқаев алды.
Қуаныш Бұқаев, Павлодар облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының аға полицейі
Барлық қарсыластарым мықты болды. Атырау, Жезқазғанмен шықтым. Финалда жезқазғандық спортшыға жеңіліп қалдым. Қиын болды. Нәтижесінде 2 орын алдым.
Айта кетейік, республикалық жарыстан іріктелген спортшылар Қазақстан құрама командасына енеді.
Самал Қалиқызы