Павлодар облысының ауылдарында мал өлексесін өртейтін крематорлар қойылады. Құны 15 млн теңге тұратын құрал бір уақытта 400 келі өлексесін жағады. Есесіне үнемді, шығын 3 мың теңгені ғана құрайды. Аппарат жиынында қарастырылған екінші сұрақ өңірдегі эпизоотикалық жағдай төңірегінде болды.

Павлодар облысында ірі қара мал 515 мың бас, ұсақ мал 680 мың бас, жылқы 279 мың бас, шошқа 79 мың бас, түйе 160 басқа жеткен. Ағымдағы жылы күтілетін тағы 516 мың бас мал сәйкестендіруден өтеді.

Асылтас Тілеубаев, павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы. 2025 жылы жануарларға 11 аса қауіпті ауруына қарсы 6 млн манипуляция жоспарланған. Өңірде қолаусыз учаскілер ошақтар азайды. 2024 жылы 8 ошақ тіркелген. Биыл ошақтар тіркелген жоқ. Басқарма тиісті жоспарды әзірлеп бекітті.

Павлодар облысында мамандармен анықталған 131 сібір жарасының жерленген орындары бар. Ветеринарлық станцияның балансында. Жыл сайын бұл аумақтарға мониторинг жүргізіледі. Облыс аумағында 239 мал қорымы бар, олардың 33-ы ғана ветеринарлық талаптарға сай келеді.

Асылтас Тілеубаев, Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімін 2 есеге ұлғайту көлеміндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы министрі 2024-2028 жылға арналған жол картасын бекітті. Онда Павлодар облысы үшін 2025 жылға 33 үлгілік пункт, 33 мал қорымын салу немесе инсенизатор сатып алу. 58 мал сою объектісін пайдалануға беру көзделген.

Осы ретте, жаңа ғана тағайындалған басқарма басшысы мал өлекселерін жою, жағу бойынша көршілес ел тәжірибесі негізінде крематор қою ұсынысын білдірді.

Асылтас Тілеубаев, Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы

Крематордың құны 15 млн теңгені құрайды. Ол сағат ішінде салмағы 400 келіден малдың мәйітін өртейді. Көмірмен крематор салу біздің аймақ үшін үнемді деп санаймыз.

Жалпы өңірдегі эпизоотикалық жағдай тұрақты әрі бақылауда деді басқарма басшысы.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Кешенді жоспар бекітіңіздер. Әр ауданда мысалы үш ауылдық округте жасалсын. Мысалы 45 млн ба?Үш жылдға бөліңіздер. Бірінші кезекте Баянауыл, Май, Екбастұз ауылдары, Ертіс ауылдары. 4 аудан деп айтуға болады. Соларды қамту керек.

Аймақ басшысы жалпы мәселенің біраз жылдар бойы қордаланып қалғанын айтты. Сондықтан заманауи крематорлар уақыт қажеттілігі деп, жобаны пысықтауды тапсырды.

Самал Қалиқызы