Өңірімізде «Мисс Павлодар» байқауын өткізу игі дәстүрге айналған. Жылда қаламыздың арулары ең ажарлы бойжеткен атануда бақ таластырады. Осы мақсатта «Мисс Павлодар 2025» байқауының алғашқы кастингі өтті. Толығырақ алдағы матреилдан көрейік.

Бүгін өткен іріктеуде 35 үміткер бақ сынады. Қатысушылар сахнада өзін таныстыру, дефиледен сынға түсті. Оларды бағалау үшін «Мисс Қазақстан» байқауының директоры арнайы келді. Бұдан бөлек, қазылар алқасында демеушілер мен сұлулық байқауларының жеңімпаздары болды. Олардың айтуынша, арулардың көпшілігі өзін сенімді ұстап, көзге түсті.

Айзат Бәйтенова, «Miss Pavlodar – 2025» байқауының жергілікті директоры

Жалпы, биылдан бастап осы мисс Павлодар байқауын өткізетін комитет өзгерді. Сол себепті, менің ойымша бұл қыздар қаланың өміріне, қайырымдылыққа белсене қатысса деймін. Өздерінің артынан өсіп келе жатқан сіңілдері, жалпы қаламыздың арулары танытса. Қазір әйел адамның рөлі ерекше болып жатыр, әйел адам үйде ана, жұмыста басшы бола алады. Мысалы, зорлық-зомбылықпен күресеміз, флешмоб ұйымдастырамыз. Негізгі ой қыздарды осындай кезден тәрбиелеу, сенімділікті арттыру. Қазақтың қызы әлемдік сахнаға да шыға алады, соны көрсету.

«Мисс Павлодар – 2025» байқауына келген 35 қыздан 10 үміткер финалға өтті. Арулар енді бірнеше ай бойы арнайы дайындықтан өтеді.Бұл алаң тек сұлулық қана емес, интеллект пен харизманың тоғысқан жері.

Айсана Шукутаева, қатысушы

Кастинг өте жоғары деңгейде өтті, бәріміз толқыдық, қуандық, көңіл-күйіміз өте жақсы. Мисс Павлодар тек сыртқы келбет ғана емес, ішкі жан-дүиесі де сұлу болу керек деп ойлаймын. Инабатты, тәрбиелі, сыпайы және қазақтың қарапайым сұлу қызы.

Юлия Зинковская, қатысушы

Мені достарым Әляи деп айтады. 18 жастамын, Ә.Марғұлан атындағы ППУ бірінші курс студентімін, екі шет тілі мамандығының. Бұл менің бірінші сұлулық байқауым және мен қорықпадым. Менің қазақ тілін үйренуіме ағам себепкер болды. Және біздің мектепте ең күщті қазақ тілі мұғалімі болды, сізге көп рахмет. Және біздің университтен үйрендім.

Айта кетейік, байқауға кастинг әлі де жалғасады. Ал финалдық кезең тамыз-қыркүйек айларына жоспарланып отыр. Байқау жеңімпазы Павлодар облысының атынан республикалық «Мисс Қазақстан» байқауына қатысады. Бұл – сұлулық әлемінде өз жолын бастағысы келетін арулар үшін үлкен мүмкіндік!

Қымбат Садық