Кемеңгер елдімекеніндегі «Ертіс» жоғарғы инновациялық колледжі аграрлық сала бойынша сұранысқа ие мамандарды даярлайды. Оқу орны қазір іс-тәжірибеге басымдық беріп, инновациялық жобаларды іске асыруда. Тілшіміз тарқатады.
«Ертіс» жоғары инновациялық аграрлық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – сұранысқа ие ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кадрлар даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы. «Ветеринария» және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша 250 студент дуалды оқыту жүйесі аясында білім алуда. Барлық студенттер жатақханада тегін тұрады. Сондай-ақ, тамақпен, стипендиямен қамтылып, жол жүру шығындары өтеледі.
Айгүл Байжұманова, «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің басшысы
Біздің түлектердің шамаммен 80 пайыздан астамы еңбекпен қамтылады. Басқалары декреттік демалысқа, әскерге кетуіне, немесе өзге де жағдайлармен еңбектен тыс болады. Жыл сайын түлектердің 83 пайызы жұмысқа орналасады деп айта аламын. Тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Бақылауды өзіміз де, зейнетақы қоры арқылы да жүргіземіз.
Колледжде ТМД елдеріндегі колледждер арасында теңдесі жоқ ветеринариялық оқу-зертханалық кешен бар. Мұнда кез келген күрделіліктегі ветеринариялық операциялар мен жануарларды ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі. Ветеринариялық стоматология да бар.
Студенттер балапан өсіріп, болашақ ауыл шаруашығы саласына үлес қосуға бүгіннен бастап, нақты іспен дайындалуда.
Студенттердің бастамалары мен стартаптарын қолдау мақсатында колледж аумағында AgroHub құрылған. Онда саңырауқұлақтар мен гүлдер өсірілуде. Бұл да студенттердің нақты іс-тәжірибесін нығайту мақсатында жасалаған шаралардың бірі. Сондай-ақ, колледждің 1200 гектар аумақты қамтитын жеке жер учаскелері бар. Онда «Агрономия және ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының студенттері ашық жерлерде астық және көкөніс дақылдарын себу бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгереді. Осы салада білім алып жатқан сутденттердің бірі – Илья Украинченко. Ол биыл өткен республикалық кәсіби шеберлік байқауында үлкен нәтиже көрстетіп жүлдеге ие болған.
Илья Украинченко, «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің 3-курс студенті
Сайыс Қостанай қаласында өтті. Жамбыл, Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Солүтстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласының студенттері қатысты. 5 түрлі сайыс бойынша бәсекеге түстік. Қазір студенттік іс-тәжірибемізді осында әрмен қарай шыңдап жатырмыз.
Келешекте колледж «Ветеринария» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавр дәрежесін ашу және орта білімнен кейінгі білім беру лицензиясына ие болуға ұмтылуда. Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша халықаралық аккредитациядан өту жоспарда бар.
Жанасыл Серікбол